//

Қазақстан Премьер лигасының 2026 жылғы ең қымбат футболшылары

69 рет қаралды
коллаж: Мінбер

Қазақстан Премьер-лигасы (ҚПЛ) жергілікті турнир дәрежесінен әлдеқайда алға кетті. Бүгінде топ клубтар сапалы легионерлерді шақыра бастады, ал жергілікті академиялар Еуропа нарығы үшін ойыншыларды дайындай бастады.

Футболшылардың трансферлік құнының өсуі лиганың дамып келе жатқанының айқын дәлелі.  Ал «Қайрат», «Астана» және «Ордабасы» қатысатын матчтар Қазақстандағы шекарадан тыс жерлерде де аса зор ынтаменбақыланады.

Мысалы, Тәжікстанда Қазақстан премьер лигасының әрбір қадамына деген қызығушылық жоғары. Жергілікті жанкүйерлер лиганың кестесін қадағалап, матч алдындағы форманы талдап, футболға жиі бәс тігеді. Тәжік букмекерлері қазақстандық лига матчтарына кең ауқымды бәс тігеді, ал Legalbet  секілді мамандандырылған веб-сайттардағы рейтингтер қай операторды таңдауға болатынына жол сілтейді.

Футболшылардың нарықтық құнын қадағалаушы Transfermarkt порталының анықтауы бойынша ең қымбат алты ойыншыға көңіл бөліп көрейік.

Дастан Сәтбаев — €3,5 млн

Сәтбаев — Алматы академиясының түлегі әрі 2026 жылдың басты сенсациясы. Шабуылшы Қазақстандағы барлық жастар құрамасының сапында болып,  әр деңгейде жоғары өнер көрсетті және 17 жасында-ақ «Қайрат» командасының негізгі құрамасына енді.

Осы чемпионатта Сәтбаев 15 матчта жеті гол соғып, екі голға пас берді. Оның таланты ағылшынның «Челси» клубының назарынан тыс қалмады. Тамыз айында, 18 жасқа толғанда, ол лондондағы ең беделді  клубқа қосылды, жаңа бас бапкер Хаби Алонсо оны талантына таңдай қағып, бас иіп отыр. Transfermarkt Саптаевты €3,5 млн еуроға бағалайды. Сөйтіп ол лигадағы ең қымбат ойыншыға айналды.

Иван Башич — €1,5 млн

Босниялық жартылай қорғаушы «Астана» командасына 2025 жылдың жазында ресейлік «Оренбург»  клубынан ауысып келді. Әрі тез арада негізгі құрамға еніп, әр матчта орта есеппен 89 минут ойнады. Клубта ол шабуылдарды бастауға жауапты және әріптестерін тұрақты түрде паспен қамтамасыз етеді. Ағымдағы Премьер-лига маусымында ол 10 ойынға қатысып, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді және орта есеппен әр матчта шамамен 80 минут ойнады.

Башич сондай-ақ Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының тұрақты ойыншысы. Ол 2024/2025 жылғы Ұлттар лигасында және 2026 жылғы Әлем чемпионатында құрама атынан өнер көрсетті. Оның нарықтағы құны 1,5 миллион еуро.

Мақсат Абраев — €1 млн

Абраев – «Астана» командасының 18 жастағы шабуылшысы және осы маусымдағы ең жарқын жаңалығының бірі. Қазақ футболы жүйесінен шыққан ол ұлттық құрамада дебют жасап, «Астана» клубының негізгі құрамасына енді. Ағымдағы лига турнирінде ол 14 матчта 2 гол соғып, 3 голға пас берді.

Оның нарықтағы құны өте жылдам өсті. Transfermarkt соңғы мәліметі бойынша Абраевтің құны бірден 800 000 еуроға өсіп, мансабында алғаш рет 1 миллион еуро шегінен асты.

Жоржиньо — €1 млн

Португалиялық шабуылшы 2025 жылдан бері «Қайрат» сапында өнер көрсетіп келеді және содан бері Алматы командасының шабуылындағы негізгі тұлғаға айналды. Қазіргі KPL маусымында ол керемет өнер көрсетіп, алғашқы 15 матчта 7 гол соғып, 4 голға пас берді.

Шабуылшының трансферлік құны 200 000 еуроға өсіп, қазір 1 миллион ға жетті.

Пабло Альварес — €1 млн

Пабло – испандық «Вильярреал» клубының жастар жүйесінің түлегі және ол бірнеше еуропалық лигада ойнаған.

29 жастағы қорғаушы биыл ақпанда Қазақстанға көшті. Ақтөбе оның трансфері үшін Львовтағы «Карпаты» клубына 150 000 евро төледі. Transfermarkt мәліметі бойынша, ойыншының нарықтағы құны 1 миллион евро. Осы маусымда ол 10 матч өткізіп, бір голға пас берді.

Ги-Марселен Килама — €1 млн

Бағасы 1 миллион еуроға бағаланған камерундық орталық қорғаушы екі маусым бойы Түркияның «Хатайспор» командасында ойнағаннан кейін қазақстандық лигаға ауысты. Франция мен Түркияда ойнаумен қатар, 27 жастағы ойыншы Камерун ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті, соның ішінде 2025 жылғы Африка кубогының іріктеу кезеңіндегі үш матчқа қатысты.

Килама «Ордабасыға» бірден бейімделіп кетті. Осы маусымда ол барлық 14 матчтың бастапқы құрамасында болды, олардың 13-інде толық 90 минут ойнады. Сонымен қатар ол үш сары қағаз алып, 12-ші турда «Қайратқа» қарсы бір гол соқты.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар