Minber.kz жаңалықтары енді Telegram-арнада автоматты түрде жарияланады

79 рет қаралды

Minber.kz ақпарат агенттігінің Telegram-арнасы автоматты түрде жаңартылатын болды. Енді оқырман қауым басылымның жаңа материалдарын @minber_media арнасынан да оқи алады.

Жаңа жүйе сайтта жарық көрген материалдар туралы ақпаратты Telegram-арнаға автоматты түрде жариялауға мүмкіндік береді. Осылайша, оқырман қауым жаңалықтармен танысу үшін сайтты қайта-қайта ашып отырмай, жаңа жарияланымдарды бір арнадан қадағалай алады.

Minber.kz қоғам, экономика, білім, адам құқықтары және медиасауат мәселелерін қамтиды. Басылым қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтеріп, журналистік зерттеулер мен сараптамалық материалдар жариялап келеді.

Telegram-арнаны автоматты түрде жаңарту – басылым материалдарын оқырманға жеткізудің қосымша тәсілі. Әр жарияланымдағы сілтеме арқылы оқырмандар мақаланың толық нұсқасына өтіп, тақырыппен кеңірек таныса алады.

Minber.kz-тің ресми Telegram-арнасы: https://t.me/minber_media

Парақшамызға жазылыңыз

Бегім Көктүрік

Бегім Көктүрік — журналист. 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдады.

Маманданатын салалары: тіл, мәдениет, әлеуметтік мәселелер, зерттеу журналистикасы, медиасауат.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар