////

Бақытбек Бәмішұлы: Сараман жолы

75 рет қаралды
Бақытбек Бәмішұлы: Сараман жолы

Сараман жолы

Алматыда Ұлттық кітапханада академик Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Сараман жолы» атты “Атамұра” баспасынан жарық көрген (Президенті – Рахымғали Құл-Мұхаммед) кітабының тұсау кесері өте жоғары деңгейде өтті.

Әуелі жиналған жұрт Мұхтар Абрарұлының 30 минуттық лекциясын тыңдады. Иә, бұл – залға сыймай отырған оқырманның құлағының құрышын қандырған, танымдылығы мен тағылымдығы мол, ерекше тартымды әңгіме-кеңес болды.

Кітаптың атын да автор өте дәлдікпен, нақты қойған екен. Кітаптың «Сараман жолы» атауы оқырманның назарын бірден өзіне аударатыны түсінікті.

Біз бұған дейін «Абай жолы», «Мұхтар жолы», «Әке жолы» қатары еңбектермен таныспыз әрі олардың аты айтып тұрғандай кімнің жолы екені де айқын. Ал «Сараман жолы» дегенді естіп пе едіңіз? Мен өзім естімегенмін! Егер бұл кісі есімі болса, онда Сараман деген кім?

Бірден есімізге «Сараман-Қоса» мұнарасы түседі. Мұнараны Сары, Аман және Қоса есімді ағайындылар салдырғандықтан мұнара солай аталған деседі.

Ал атаудың этимологиясына және оның түп-төркінінің мән-мағынасына көңіл аударатын болсақ, жасалуы қазақ тіліндегі «майталман, қаһарман, жоламан» қатарлы атауларымен үндеседі.  Және «Сараман» –  (сары+аман,  сары+ман) екі сөздің бірігуінен жасалғандығын байқаймыз. Бұдан бір күрделі мағына туындай қоймайды.

Бақытбек Бәмішұлы: Сараман жолы

Егер  «сары» сөзін жеке алып қарастыратын болсақ, оның парсы тілінде «бас, шың», моңғол тілінде (сара-а) аспандағы «ай», қазақ тілінде «кең, ұланғайыр, ұзын сонар, байтақ» мағыналарына кездестіреміз. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінде салмақты, ақылды адамды «сарабдал», жауынгерлік-әскери атауларымыз «сарбаз», «сардар», ұзынынан ұзаққа созылған даңғыл, күре жолдарды «сара жол» сөздері «Сараманмен» түбірлес сөздер, саралай келгенде «майталман, мықты, беделді, көшбасшы» деген ұғымдарды береді.

Академик-автордың төрт жылдық еңбегінің өзегі, негізгі арқауы – қазақтың біртуар ұлы, ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың ғұмырының қатерлі де, күрделі кезеңдері екенін білгенде «Сараман» атауының өте терең түйсіктен, көрегендік қасиеттен туғандығына тәнті боламыз! Сараман – ол, данышпан Мұхтар Әуезов!

Бақытбек Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар