//

Дзюдошы Санжар Ерұланұлы – жастар арасында әлем чемпионы!

47 рет қаралды
Дзюдошы Санжар Ерұланұлы – жастар арасында әлем чемпионы!

Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ош туралы Қазақстан дзюдо федерациясы мәлімдеді. Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпиондық тұғырға көтерілді.

Финалдық белдесуде Санжар Жапония өкілі Шокей Хираноны жеңді.

Қазақстандық спортшы жарыс жолын Германия өкілі Даниил Спиридоновқа қарсы белдесуден бастады. Одан кейін Италия дзюдошысы Франческо Маццонды ұтып, ширек финалға өтті. Бұл кезеңде Әзербайжан палуаны Давуд Намазлиден басым түссе, жартылай финалда Испания өкілі Никита Юдановты жеңді. Ал финалда жапониялық қарсыласын тізе бүктіріп, алтын медальға қол жеткізді.

Санжар Ерұланұлы үшін бұл жеңіс халықаралық аренадағы кезекті үлкен жетістік. Ол бұған дейін, 2024 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған болатын. Осылайша, Санжар жасөспірімдер және жастар арасындағы әлем чемпионаттарында қатарынан чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатына 82 елден 594 спортшы қатысуда. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алтын медаль еліміздің дзюдо мектебінің әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Бақытбек Бәмішұлы: Сараман жолы

Сараман жолы Алматыда Ұлттық кітапханада академик Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Сараман жолы» атты “Атамұра” баспасынан жарық көрген (Президенті