Негізгі бет » Қазан 31st, 2011
Қосылған жазба “Қазан, 2011”

Атыраудың орталығында үш бірдей жарылыс болғаны туралы құлағдар болған шығарсыздар. Бұндай жаманатты бүркеп қалуға біздің де дәтіміз жетпеді.Атыраудағы жарылыс қаланың “Сарыарқа” ықшамауданында болған. Жарылысты белгісіз жанкешті жасаған. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған “Тенгриньюс” “жанкештінің дене мүшелері әр жерде шашылып жатыр” деген ақпарат таратты. Суыт хабар ел ішіне шапшаң тарап жатыр. «Қазақпарат» таратқан мәліметке [...]
22:33 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Қоғам | Толығырақ »

Бүгін Алматыда төртінші Медиа Құрылтай аясында журналистика академиясының “Алтын жұлдыз” сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсімі болып өтті. Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Қазақстан журналистика академиясының 10 жылдығына арналған “Алтын самұрық” сыйлығы (отандық журналистикаға қосқан үлесі үшін) планетарлық масштабтағы көрнекті публицист Әнуар Әлімжановқа берілді. Сыйлық ұлы жазушының қызы Динара Әлімжановаға табысталды. Ал, еліміздегі БАҚ редакциялық ұжымға [...]
18:00 | Жазба айдары: Жаңалықтар,Журналист болам десеңіз | Толығырақ »

Құсни хат Айтыс өнерінде алдаспандай жарқылдап, қайталанбас қолтаңбасын қалдырған шынайы талант, жыр жампозы – Оразалы Досбосынов еді. Әр айтыс сайын тыңнан түрен салғандай айшықты ой, соны ұйқас, көркем образ, қазақы теңеулерімен дараланып тұратын Оразалы өнеріне алты алаш сүйсініп, ризашылықпен қол соғатын. Күре жолдың бойында күлігі құлаған Оразалының мәңгілікке сапар шеккеніне де биылғы жылдың 30-қазанында жеті [...]
16:56 | Жазба айдары: Басқа басылымнан,Жаңалықтар,Сөздің патшасы | Толығырақ »

— Құрметті Шаба Әденқұлқызы, шығармашылық кешіңізді өткізейін деп жатыр екенсіз, бәрі сәтті болсын. Кеш туралы аз-кем оқырмандарға айта кетсеңіз? — Шығармашылық кеш 16 қарашада Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Академиялық драма театрында кешкі сағат 19.00-де өтетін болып белгіленді. Кеште айтылатын әндердің мазмұны жағынан ұлтымызға мақтаныш болып келген халық әндері, елімізге белгілі композиторлардың әйгілі әндері орындалады. Сонымен [...]
11:51 | Жазба айдары: Жаңалықтар,Қоғам | Толығырақ »

«Каддафи өлген жоқ!» – бүгін шетелдік ғаламтор беттерінде осындай ақпарат тарады. Қазақ оқырмандарын аталған ақпараттың мән-жайына қанықтыру үшін «Мінбер» сіздерге төмендегі сарапшылардың болжамын ұсынып отыр. 20 қазаннан бастап Каддафи жайлы тарап жатқан ақпарат әлемнің түкпір-түкпірін кезіп, естіген жанды елең еткізіп жатты. Диктатордың атып өлтірілуін, көптеген мемлекеттер жаппай айыптап, Ливия үкіметін тексеруді талап еткен болатын. Дәл [...]
20:33 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Басқа басылымнан,Жаңалықтар,Қоғам | Толығырақ »

Microsoft компаниясы 2001 жылы қазан айының 25 күні Windows XP жүйесін қолдануға берген болатын, міне, дәл осы күн Windows XP-дің туған күні. Windows XP жүйесінің тарихына көз жүгіртер болсақ Microsoft компаниясы 2001 жылы тамыз айының 24 күні Windows XP-дың RTM нұсқасын жасап шыққан еді. Дәл сол уақытт Билл Гейтс жеке ұшаққа отырып Windows XP-дың түпнұсқасын [...]
19:19 | Жазба айдары: IT әлемі,Жаңалықтар,Фото және бейне баян | Толығырақ »

Қасым аға, Құдай-ау, Қасым деймін. Қара бұлтты қуырған жасын деймін. Қазағымның қайғысын нарт өлеңнің, Қазанына қайнатып, асып жеймін. … Қаламыңнан қар жауып, Қасым аға, Қалай келіп қалғансың қасыма, аға?! Қарасаңыз жауады жасым, аға. Қайын жұрты боп кеткен қарындастың, Қалың құртын көргенде ашына ма? Қарқаралы салады күз өргенін, Қанық бояу, қаламның түзелгенін. Қайта оралды [...]
22:06 | Жазба айдары: Жаңалықтар,Сөздің патшасы | Толығырақ »

«Отан отбасынан басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам. Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі – соңында келіп әйелге, келешек Ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ. Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият аяқ асты қалмауға тиіс. Адам тек тәнімен ғана адам болып тұрмағанын [...]
17:34 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Рух,Таным | Толығырақ »

Жанерке, рахмет сізге! Диктафон және жасырын камераны істету, оны сотта куәлікке тарту жайында заңда қандай шектеулер мен нормалар бар осы жайлы айтып берсеңіз. Мысалы, осындай видеолар мен аудио материалдардың барлығы сотта куәлікке жарай ма? ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабына сәйкес дәлелдемелер жинау тергеу және сот iс-әрекеттерiн жүргiзу жолымен сотқа дейiнгi iс жүргiзу және сот талқылауы процесiнде [...]
16:37 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Заңгер кеңесі | Толығырақ »
Қазанның 25-сы күні Ресей президенті Владимир Путин мен премьер министрі Дмитрий Медведев Мәскеу маңындағы “Отан” атты жүгері шаруашылығында болып, өз қолдарымен егіншілік техникасының тізгінін ұстап, егіншілер қауымының тіршілігімен танысты. Суреттер: news.qq.com сайтынан Facebook арқылы жазбаға пікір жазу
16:33 | Жазба айдары: Фото және бейне баян | Толығырақ »