//

Windows XP 10 жаста

1172 рет қаралды

Microsoft компаниясы 2001 жылы қазан айының 25 күні Windows XP жүйесін қолдануға берген болатын, міне, дәл осы күн Windows XP-дің туған күні.

Windows XP жүйесінің тарихына көз жүгіртер болсақ Microsoft компаниясы 2001 жылы тамыз айының 24 күні Windows XP-дың RTM нұсқасын жасап шыққан еді. Дәл сол уақытт Билл Гейтс жеке ұшаққа отырып Windows XP-дың түпнұсқасын компьютер жасау заводына жеткізіп берген болатын.

Microsoft-қа Windows XP не сыйлады? Windows XP компания үшін ұлы дамудың жолын ашты, жүйе компьютерді істету барысын барынша қарапайымдастырды, жылдамдықты арттырды және көркемдікке ұмтылды, ол адамдарға IT әлеміне көз жіберетін жаңа көзілдірік сыйлады, ойдағы мақсатты тез әрі жылдам орындауға және табуға жәрдемші болды.

Бүгінгі күннің өзінде миллиондаған қолданушы Windows XP жүйесінде жұмыс істейді. Windows 7 жүйесі өмірге келісімен Microsoft компаниясы қолданушыларын аталған жүйеге ауысуға талай рет нәсихаттаған болса да, компьютер пайдаланушылар әуелгі жүйеде қалғысы келетіндіктерін білдірген. Жаңа өнімді жалпыластыру үшін тіпті Windows XP жүйесі жұмысын тоқтатты деген жалған ақпар таралып кетті. Ал, оның(Windows XP) шын ғұмыры 2014 жылдың сәуір айында дейін жалғасады.

Жаңа Windows 7 жүйесін қолданып отырғандар саны қазір 450 миллионнан асса, компания енді Windows 8 жүйсін зерттеу үстінде.

Дайындаған: Мейіржан

Windows XP-дың тарихынан фотобаян:

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі