/

Қасым аға

613 рет қаралды
3

Қасым аға,

Құдай-ау,

Қасым деймін.

Қара бұлтты қуырған жасын деймін.

Қазағымның қайғысын нарт өлеңнің,

Қазанына қайнатып, асып жеймін.

… Қаламыңнан қар жауып,

Қасым аға,

Қалай келіп қалғансың қасыма, аға?!

Қарасаңыз жауады жасым, аға.

Қайын жұрты боп кеткен қарындастың,

Қалың құртын көргенде ашына ма?

Қарқаралы салады күз өргенін,

Қанық бояу, қаламның түзелгенін.

Қайта оралды құлпырып, Қасым аға,

Қас өлеңнен қырқылып, күзелгенің…

Қалбалақтап жүр екем қасына еріп,

Қара жерді қозғалтып Қасып келіп.

Қабақ жылы шіркін-ау, танытпайды,

Қайқы қылыш секілді қасын керіп.

«Қазынамды, көр соқыр,– жейтін сұмды,

Қала мынау қабырым, бейтім сынды»…

Қайран Қасым, қабарып, келді кетті,

«Қуанасың несіне…»,– дейтін сынды.

…Қайымханың шабылды қабыр басы,

Қара Ертістің сұйылды қалың шашы.

Қаңғылеске бұйырып

Қарағанды,

Қазағымның қаңсыды қанжығасы.

Қатынастық құрал ғып бөтен демін,

Қарамайды төменге көсемдерім…

Қанат,

Қаны қарайған көгершіндер,

Қасым аға, күтіп жүр нөсерлерін!

Б.Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Ақ кеме” – Ғ.Мүсірепов театрында

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 17 желтоқсанда Шыңғыс Айтматов шығармасының желісімен қойылған

Дос Көшім, саясаттанушы: Президенттің басым дауыспен жеңіске жетуі – авторитарлық жүйенің қалыптасқан қағидасы. Өйткені Президент өзгелерден оқ бойы озық болуы керек

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасына кезектен тыс сайлау өтті. 81 пайызбен атқарушы Президент Қ.К. Тоқаев басым