/

Алматыда Қазақстан журналистика академиясының сыйлығы табысталды

864 рет қаралды
1

Бүгін Алматыда төртінші Медиа Құрылтай аясында журналистика академиясының “Алтын жұлдыз” сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсімі болып өтті.

Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Қазақстан журналистика академиясының 10 жылдығына арналған “Алтын самұрық” сыйлығы (отандық журналистикаға қосқан үлесі үшін) планетарлық масштабтағы көрнекті публицист Әнуар Әлімжановқа берілді. Сыйлық ұлы жазушының қызы Динара Әлімжановаға табысталды.

Ал, еліміздегі БАҚ редакциялық ұжымға берілетін «Алтын Жұлдыз» жоғары жалпы ұлттық сыйлығымен «Қазақ» газетінің редакторы, танымал отандық публицист Қоғабай Сарсекеев марапатталды.

Қазақстан журналистика академиясы президентінің, отандық журналистикаға қосқан үлесі үшін тек әйел журналистке берілетін «Аққу» сыйлығына биыл Қазақстан баспасөз клубының президенті Әсел Қараулова лайық деп танылды. Бұл сыйлық қазақ теледидарының ардагері Галина Кузембаева атымен аталады.

Жүлдегерлер алтын белгімен және арнайы дипломмен марапатталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Әнуар Әлімжанов десе, қазақ руханияты мен әдебиетінің бір дәуірі көзге елестейді. Оның ізгі ғұмыры туралы айтар естеліктер қанша көп болса, ел жүрегіне жол тартқан шығармалары мен еткен еңбегі де көл-көсір. Сондықтан, “Алтын самұрық” сыйлығы Әнуар Әлімжановқа табысталғаны өте дұрыс!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі