//

Ұлы Мерекеміз Тәуелсіздік Күнімен Шын Жүректен Құттықтаймыз!!!

1719 рет қаралды

gulҚымбатты Отандастар, баршаларыңызды алдағы келе жатқан Ұлы Мерекеміз Тәуелсіздік Күнімен Шын Жүректен Құттықтаймыз!!!

Тәуелсіздік, бұл – қазақ халқы үшін аса қымбат ұғым, ұлы құндылық. Бұл сөзді біз қастерлейіз әрі кие тұтамыз. Оған имандай сенеміз. Өйткені біз басқаға тәуелді елдің, басыбайлы бодан жұрттың қандай болатынын бастан кешірген, оның зардабы мен зарарын ет-сүйектен өткізген халықпыз. Басқыншылардың дойыры жауырынымызды тіліп, қамшысы көзімізге тиіп, көзімізге көк ала шыбын үймелегенін көрген жұртпыз. Басыңда билік жоқ, бауырыңда байып жоқ, өз қолың өз аузыңа жетпей, даусынан зар, көзінен қанды жас парлаған  көген көздер едік. Қара тұяқтан қал кетіп, мұрнымыздан қан кетіп әбден әлсіреп, тұралағанға дейін сорлаған, соры қайнаған халық болдық. Адамзат баласының басына бермесін дейтін ауыр сынақтан Алламыз алқап, Тәңіріміз жарылқап бодандықтан босанып Азат һәм Тәуелсіз Ел болдық! Міне, сөйтіп, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Құдай тілеуімізді берді.

Қазақ “бір тойда екі жар жоқ” дейді. Демек, Тәуелсіздік те екі берілмейді, қайталанбайды. Қолдан шықты ма, қайтып уысқа түспейді. Сондықтан да:

Айлалы алар алдыңды,

Абайсыз болсаң зор қайғы.

Бір қарға келіп үркітер,

Топтанып қонған торғайды.

Азаттық жақсы, алайда,

Тәуелсіздікті қорғайды!

Талай тойды тойлармыз. Алайда, Тәуелсіздігіміздің орны бәрінен де бөлек! Бүгінгі бақытымыз да, болашақ мұратымыз да осы Тәуелсіздік!

Қымбатты Отандастар, баршаларыңызды алда келе жатқан Ұлы Мерекеміз Тәуелсіздік Күнімен Шын Жүректен Құттықтаймыз!!!

Мінбер-ақпарат

Дайындаған: Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар