Ресей мен Белоруссия кедендік одақ құру жөнінде келісімді 1995 жылы жасаған болатын. Сондықтан ендігі кезекте Қазақстан кедендік тарифтерді асығыс реттеуде. Бұл -американың James Town сараптама орталығының пікірі.
Қазақстанның Ресей және Белоруссиямен кедендік одақ құруы экономикалық емес, саяси себептерден туындаған тәрізді дейді америкалық басылым. Сондай-ақ бұл жайт Мәскеудің Астанаға көрсетіп отырған қысымын да көрсетті. Себебі бұл аймақты Мәскеу қадағалап отыр. Өзінің көршісінің ыңғайына көнген Қазақстан соңғы кездері тіпті Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіру мәселесін де қозғаған жоқ дейді америкалық зерттеу орталығының маманы. Ол өзінің қорытынды сөзінде: «Қазақстанның Кедендік Одақ құруы оны халықаралық экономикалық қауымдастықтан алыстатып жібереді» дейді.
Парақшамызға жазылыңыз