The NYTimes: Ресей домендерін кириллдендіруге қарсылық күшеюде

723 рет қаралды

Кирилл қаріптерімен интернет домендерін атау мәселесі Ресейліктердің арасында әлі де қызу талқылануда. New York Times хабарлауынша, «Кремль әлдеқашан АҚШ интернетінің тұсауында шырмалған»

Сол себептен де Ресейде бірінші кезекте шенеуніктер кирилл қарпімен жазылған домендерді пайдалануды ұйғарған. Америка басылымының айтуынша, «интернет қолданушылар қазіргі ресей билігінің насихатынан үркіп отыр. Себебі тек қана кирилл домені болатын болса, бұл ресей интернетінің оқшаулануын білдіреді. Нәтижесінде бақылаушы органдар тарапынан интернет ресурстарды шектеу күшейе түспек». Сонымен қатар ресейлік интернет компания мамандары да кирилл қарпіне көшу, үлкен шығынға ұласып, интернет қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деген пікірде. Livejournal немесе Живой Журнал Ресейдің танымал блогтұғыры кирилл қарпіндегі домен атауларын қолданбаймыз деп бұған дейін мәлімдеген еді.

Ресей президенті Дмитрий Медведев – кирилл домендеріне көшуді қолдаушылардың бірі. Ресей президенті кирилл доменіне көшсек, әлемтор латын қаріптерін білмейтін көптеген адамдарға жаңа мүмкіндіктер ашады деген сенімде.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі