Газет сарапшысы Дэвид Уитон қазақ компаниялырының Шығыс биржасына көз тігіп отырғанына қатысты өз ойын жариялаған.
«Дубай қаржы нарығының құлдырауы біздің биржаға оң әсер етті» дейді ұлыбритания сарапшысы. «Әйткенмен қазақ ойыншыларының біздің нарықтан жылыса бастауы жақсылықтың нышаны емес. Қазақстанда дағдарыс басталғанда шетелдік инвесторлардың көпшілігі ол жақтан қашып кетті. Ендігі кезекте Қазақ компаниялары Азия нарығына, оның ішінде Гон Конгқа көз тігуде. Егер Марченко, Қытай инвесторларының мінезі сәл салмақты деп ойлайтын болса, қателескені. Әлі де Шанхай нарығын дұрыс тани алмағаны ғой», – дейді Times online сарапшысы.
«Бірақ оның сөзінің де жаны бар. Себебі Қазақстан нарқы да қазір шығысқа ойысқан. Қытай қазақтың табиғи байлықтарының үлкен нарығы. Қытай мен Қазақстан арасында мұнай құбырлары салынып, теміржолдар төселуде», – деп жалғайды өзінің сөзін «Times»
«Лондондағы кейбір азаматтар қазақ ойыншыларынан құтылғанымыз жақсы» деуі мүмкін. Себебі қазақ компаниялары саяси тәуелсіздігі, ұжымдық басқару мен тазалықтары жөнінен алдыңғы орындардан көрінбеді. Қалай десек те, егер Орталық Азиядағы өзге компаниялар Қазақстанның соңынан ілесетін болса, Лондон үшін бұл жақсы емес» деп түйіндейді өзінің сөзін ұлыбританиялық басылым. Бұл пікір ұлттық Банк басшысы Григорий Марченконға берілген жауап деп қабылдауға болады. Марченко қазақ компанияларының бір бөлігі Лондон Қор биржасынан Азия биржасына ойысатындығын бұдан екі күн бұрын мәлімдеген.
Ұлыбританиялық “Times” Марченкоға қарымта қайтарды
Соңғы жазбалар
Оралда бір компания құны 155 млн теңге мемлекеттік тапсырысты алу үшін жалған банк кепілдігін пайдаланбақ болған.
Алматы қаласының мамандандырылған экономикалық ауданаралық сотында ұялы байланыс операторларының арасындағы шағым бойынша азаматтық іс қозғалған.
Соңғы бірнеше айдан бері Ақтөбе қаласында жаңадан салынатын мыс өңдеу зауытына қатысты айтарлықтай қоғамдық пікірталас жүріп
Тергеу журналистерінің халықаралық консорциумы – ICIJ сайтында 14 тамызда жарияланған мақаланың атауын қазақ тіліне аударсақ: «Қазақстанның
Фото: akorda.kz Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваның Астанаға сапары екі елдің стратегиялық
Фото: Rail-news.kz Rail-news.kz сайтының хабарлауынша, «Қазақстан темір жолы» компаниясы ел ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен
Фото: gov.kz ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысында тауық жұмыртқасын терең өңдеуге арналған ірі инвестициялық
Фото: pixabay.com Энергетика министрлігінің жетекшілігімен Қашаған кен орнында қуаттылығы жылына 2,5 миллиард текше метрді құрайтын жаңа
Фото: istockphoto.com Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлайды. «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы іске қосылған 2024
Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры сапалы әдебиеттің өрісін кеңейтуге, ұлттық мұраны дәріптеуге, әлемдік әдебиет пен танымдық басылымдарды
сурет керек!