Диқаншыға бөлек банк керек

3446 рет қаралды
1

Ауылшаруашылық министрлігі мен «Самұрық Қазына» холдингі Ауылшаруашылық банкін құруды жоспарлап отыр.

«Бұл қаржы институты Қазақстанның ауылшаруашылығына үлкен серпін береді» дейді мамандар. Аграрлы банк құру мәселесі осыған дейін үкімет жиындарында талқыланып, бұл ұсыныс қолдау таппай келген-ді. Кейбір шенеуніктер «мұндай салалық банк қазақ экономикасына қажеті жоқ. Ол бар болғаны жемқорлыққа жол ашып береді» деген пікірді де айтылған.

Ауылшарушылық министрлігінің мәліметіне қарағанда, екінші деңгейлі банктерден бұл салаға бөлінген несиенің бүгінде жалпы сомасы 3,5 пайызды ғана құрайды. Осының салдарынан шаруа қожалықтары несиеге қол жеткізе алмауда.

Кейбір мамандардың пікірінше, Аграрлы банктың Қазақстан экономикасына әкелер пайдасы шамалы.

«Жаңа банк тек шаруа қожалықтарына несие үлестіруші қаржы құрылымы болып қалады. Аграрлы банктың қызметі қазіргі ауылшаруашылығын қаржыландыру жүйесінен айырмашылығы болмайды» дейді сарапшылар.

Қазақстан фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дарыновтың пайымдауынша, бұл банк 20 пайыздық үстемемен несие үлестіретін банктердің қатарында қалып қояды. «Тоқ етерін айтқанда, біздің фермерлерге аграрлы банктен келіп кетер пайда жоқ» дейді Қазақстан фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дарынов.

Десе де ауылшарушылық министрлігіндегілер аграрлы банктың өзге банктен айырмашылығы болады дегенді алға тартып отыр. Алайда үкімет басшысы Кәрім Мәсімов әзірге жаңа банк жайында ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Депутаттардың айтуына қарағанда, аграрлы банк осы жылы құрылмақ. Мәселе банктың ашылу ашылмауында емес. Бастысы банктың дұрыс жұмыс істеп, ауылшаруашылық саласына серпін беруінде.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі