Теңге тағы құнсыздана ма?

3348 рет қаралды

3029767380_6da9b212a5 (Custom)Доллардың бағамына ақпан айының басында елеулі өзгерістер енбек. Ұлттық Банктің хабарлауынша валюталық дәліз 150 теңге +15 теңге, -22 теңгеге дейін кеңейтіледі.

Өткен жылдың ақпанында қас пен көздің арасында теңгенің құнсызданып кетуі, халықты біраз әуреге салғаны есімізде. Ол кезде доллар 120-дан 150-ге бірақ секірді. Қызық қылғанда, биылғы жылдың 4 ақпанында валюта бағамына тағы да өзгеріс енгелі тұр.

Григорий Марченконың сөзінше, бір доллардың тербелісінің жоғары деңгейі 165 теңге және төменгі деңгейі 127 теңге маңайында болмақ.

Валютаның мұндай дәлізі 2010 жылдың 5-ші ақпанынан 2011 жылдың наурызына дейін бекітіледі. Еліміздегі экономистер: “Егер әлемдік мұнай бағасы осы қалпында сақталып тұрса, онда теңгенің құнсыздануы қатты білінбейді” дейді. Сондай-ақ монетарлық реттеуші ұйымдар теңгенің қандай бағытта болмасын, қатты тербелісін реттеп тұрамыз деп уәде беруде.

Әдетте шетелдің қаржы құрылымдары ұлттық валюта негізінде алыпсатарлықпен айналысатын әдеттері бар. Қолдан бағаны көтеріп, ұлттық валютаны әлсіретіп тастауы ықтимал. Десе де банк басшысы Қазақстан мұндай алыпсатарлардың алдын ораудың жөнін жақсы біледі деген сенімде.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар