Соңғы он айдың ішінде еуро құлдырап барады.
Әлемдегі қаржы жаңалығын сараптайтын Блумберг агенттігі инвесторлар халықаралық сауда биржаларынан еуромен есептелген активтерін әкетіп жатыр. Себебі әлемнің орталық банктері еуроны баяу сатып алуда.
Ал әлемдік трейдерлер осымен төрт айдан аса уақыт бойы өзге әлемдік нарықты қолдау үшін еуропа акцияларына ақша құюдан бас тартуда. Нәтижесінде еуропаның қаржы қорлары 13 млрд. АҚШ долларына жуық ақшадан айырылды.
Келесі бір қызық жайт, 2009 жылдың 25 қарашасынан бері еуро 8,4 пайызға арзандаған. Он айдың ішінде құнын жылдам жоғалтып бара жатқан валюта қазір еуро болып тұр.
Еуроның басына қатердің төнуіне еуро аймақтағы елдердің қарыздарының көбейіп кеткендігі түрткі болған. Әсіресе, Грецияның борышы алаңдатуда. Лондонның сарапшысы Нил Маккиннің ойынша, бір еуро 1 доллар 20 центке дейін арзандауы мүмкін. Ал миллардер Джорж Сорос болса, Давостағы форумда «дүниежүзінде әзірге долларға балама болатын ақша жоқ» деген еді.
Нью Йорк университетінің профессоры, экономист Нуриэль Рубин еуропадағы елдердің бюджеттеріндегі қиындықтар экономикаға үлкен қатер тудырып отыр. Бұның соңы валюталық одақтың күйреуіне әкеп соғады деген болжам жасайды.
Еуро құнсыздануда
Соңғы жазбалар
Оралда бір компания құны 155 млн теңге мемлекеттік тапсырысты алу үшін жалған банк кепілдігін пайдаланбақ болған.
Алматы қаласының мамандандырылған экономикалық ауданаралық сотында ұялы байланыс операторларының арасындағы шағым бойынша азаматтық іс қозғалған.
Соңғы бірнеше айдан бері Ақтөбе қаласында жаңадан салынатын мыс өңдеу зауытына қатысты айтарлықтай қоғамдық пікірталас жүріп
Тергеу журналистерінің халықаралық консорциумы – ICIJ сайтында 14 тамызда жарияланған мақаланың атауын қазақ тіліне аударсақ: «Қазақстанның
Фото: akorda.kz Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваның Астанаға сапары екі елдің стратегиялық
Фото: Rail-news.kz Rail-news.kz сайтының хабарлауынша, «Қазақстан темір жолы» компаниясы ел ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен
Фото: gov.kz ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысында тауық жұмыртқасын терең өңдеуге арналған ірі инвестициялық
Фото: pixabay.com Энергетика министрлігінің жетекшілігімен Қашаған кен орнында қуаттылығы жылына 2,5 миллиард текше метрді құрайтын жаңа
Фото: istockphoto.com Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлайды. «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы іске қосылған 2024
Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры сапалы әдебиеттің өрісін кеңейтуге, ұлттық мұраны дәріптеуге, әлемдік әдебиет пен танымдық басылымдарды