Израильге жер телімін жалға берудің экономикалық астары қандай?

4313 рет қаралды

asi_pol12Бүгінде Қазақстан жерін жалға алған шетелдік компаниялар отандық компаниялармен бірге жерді өңдейді. Атап айтқанда, қазіргі таңда Израиль азаматтарына Оңтүстік Қазақстаннан 500 гектар жер берілген.

Бұл туралы еліміздің бұрынғы премьер министрі Сергей Терещенко мәлімдеп отыр. «Олар Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында қазақстан компаниямен бірге 500 гектар жерді өңдеп жатыр» дейді Сергей Терещенко ҚазТАГ агенттігіне телефон арқылы берген түсініктемесінде.

Отандық сарапшылары жерді шетелдіктерге жалға берілуін дұрыс емес деп санайды. Экономист Асқар Сырғабеков «ауылшарушылық жерлерді жалға берудің Қазақстан үшін экономикалық тиімділігі жоқ» деген пікірде.

Ал бұрынғы мәжіліс депутаты, экономика ғылымдарының докторы Мырзагелді Кемелдің ойынша, бүгінде Қазақстанда 1 миллион гектар жер игерілмей жатыр. Олар жарамсыз жерлердің қатарына енген. «Егер осы жерлерді шетелдіктер игеріп, дақыл егіп, оны сатып алатын болса, бұл Қазақстан үшін тиімді болар еді» дейді ол.

Оның ойынша, жерді жалға берудің экономикалық тиімділігі бар. Біріншіден, суармалы жерлерді суарудың үнемділігі артады. Екіншіден, жанармайды үнемдеудің реті келмек. Профессордың айтуынша, Беларусьтің бір тракторына кететін жанармай Қытайдың 20 тракторына жететін көрінеді.

Ал журналист Есенгүл Кәпқызының пікірінше, мемлекеттік стратегиялық нысандарды шетелдіктерге жалға да болсын бермеуіміз керек. «Алайда біздің «Жер туралы» кодексімізде жерді шетелдіктерге жалға беру қарасырылған. Біздің кемшілігіміз осында» дейді журналист Есенгүл Кәпқызы.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, жерді жалға беру екі түрлі жолмен жүзеге асады. Айталық, Канадада шетелдіктерге жерді 20-25 жылға дейін жалға алуға рұқсат. Канада заңы бойынша, жерді жалға алушы жердің жалпы менеджментіне жауапты. Олар мемлекеттік орманды шапқаны үшін салық төлейді. Сондай-ақ Канададан жер алғандар үкіметке жалға алу ақысын, өзеге де төлемдерді аударады. Сонымен қатар Канадада жалға берудің екінші түріне сәйкес, жалға алушылар жерді аз уақытқа иеленеді. Бірақ жалға алған жерге жауапкершілігі төмендеу.

Қазақстанға келсек, сарапшылар өзге мемлекеттің азаматына берілген жер телімдері өзімізге қайтпай қала ма деген күдікті басым айтады. Олар Өзбекстанға жалға беріліп қайтпай қалған Бостандық ауданын мысалға алып отыр.

Еліміздің «Жер Кодексінің» 30 бабында жер пайдаланушылар «ұлттық және шетелдік» болып бөлінетіні айтылған. Ал оның 97 бабында «шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі» делінген.

Қазақстанда ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке сатқаннан түсетін қаражат Ұлттық қорға аударылады. «Жер кодексінің» 9 бабында осылай жазылған. Израиль тарапынан Қазақстаннан ауылшаруашылығы мақсатында қанша көлемдегі жерді жалға алатыны немесе алмайтынына қатысты ресми жауап айтылған жоқ. Әрі шетел инвесторларымен қандай негізде келісім-шарттар жасалатыны да белгісіз.

Ағабек Арын,
“Vox news” экономика жаңалықтары

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар