Орталық Азия елдерінде еңбек мигранттары мәселесі шешілмесе, Қазақстан экономикасының дамуына қауіп төніп тұр. International Crisis Group ұйымының мәліметінше, ғаламдық дағдарыс Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан экономикасына айтарлықтай әсер еткен. Аталған елдере қазіргі кезде әлеуметтік дағдарыс та күшейіп, білімді жастар Қазақстан мен Ресейге кетуде деп жазылған.
Ең қиыны, аталған дағдарыс салдарынан жақсы саясат құру емес, орнықты қоғам құру мәселесі қиындай түсті. Себебі елдеріне қайтып оралған мигранттар жұмыссыздар қатарынан толықтыра түсуде. Бұл өз кезегінде Қазақстанға да әсер етпек. Себебі көрші елдердегі жұмыссыздар санының көбеюі өз кезегінде еліміздің дамуына тікелей әсер етпек.
Осы орайда Халықаралық Көші Қон ұйымының өкілі Павел Шульс биылғы жылы Қазақстанда еңбек мигранттарының саны азайды дейді. Себебі, өткен айдың желтоқсанында мигранттарға заң жүзінде жұмыс істуге рұқсат берген құжаттарының мерзімі аяқталды. Бұрын сол ресми карточка арқылы сандарын анықтау мүмкін еді. Биыл үкімет биылғы жылы еңбек мигранттарына арналған квотаның мөлшерін сақтап қалды. Яғни экономикалық белсенді халықтың 0,75 мөлшері.
СНХ: Менің ойымша, бұл оң өзгерістер алып келеді. Себебі кедендік одақ дегеніміз осы үш елдің арасында еңбек ресурсының еркін айналымын білдіреді. Бұл әрине, қазір Қазақстанның оңтүстігіндегі еңбек мигранттарына тікелей әсер етпейді. Себебі олар кедендік одаққа мүше емес. Алайда ЕураЗЭҚ аясында өткен келіссөздер нәтижесінде біраз құжаттарға қол қойылды. Егер олардың тетіктері дұрыс жұмыс істейтін болса, онда алдағы уақытта екі жақты келісім нәтижесінде еңбек ресурстанының алмасу ісіне Қырғызстан да қосылуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Орталық Азиядағы еңбек мигранттарымәселесінің оң шешімін табуына септеседі.
Бұл пікір білдіргенХалықаралық көші қон ұйымының маманы Павел Шалусь болатын. Ол дағдарыс салдарынан еңбек мигранттарынан елдеріне оралғаны екі жақты көзқарас тудыруда дейді. Бір есептен, жұмысшылардың өз елдеріне қайтқаны дұрыс. Себебі олар сол елдің азаматтары. Алайда олар өз елдерінде жұмыссыздар санын көбейтеді. Ал егер олар жұмыс істеп жүрген жерлерінде қалатын болса, бұл да өз кезегінде қылмыстың өршуіне ұласуы мүмкін.
Асхат Еркімбай
Мигранттар мәселесі ушығып тұр
Соңғы жазбалар
Қоғамда FlyArystan әуе компаниясына қатысты сын жиі айтылады. Ол – билет ауыстыру құны, рейстердің кешігуі, қосымша
«ҚазМұнайГаз» тобына кіретін «Oil Services Company» ЖШС Маңғыстау облысындағы кен орындарына жүргізушісімен бірге жеңіл көлік жалдау
Жаңа Салық кодексі бюджет кірісін арттыруды көздегенімен, оның экономикалық және әлеуметтік салдарына қатысты сұрақ көбейді. ҚҚС
Ұлттық банк 29 қазанға доллар бағамын 457,09 теңге деп белгіледі. Теңгеге не әсер етіп жатыр және
Үкімет бір жыл бұрын бас тартқан тәжірибесіне қайта оралды. 2027 жылғы республикалық бюджетте Ұлттық қордан нысаналы
Ұлттық экономика министрлігі бензин мен дизель отынына салынатын қосымша акциздің үлесін 95%-дан 50%-ға төмендетуді ұсынды. Тиісті
Қазақстандағы жанармай бағасы соңғы 2-3 аптада литріне орта есеппен 20 теңгеге қымбаттаған. Мұны Сауда және интеграция
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты Астана әкімдігінің ресми сайты қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Tarlan Astana жеңіл
2026 жылдың 15 қазанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Каспий теңізі арқылы
2026 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 242 мыңнан астам жеке кәсіпкер тіркеліп, 356 мыңы жабылған. Ұлттық экономика
Олар өтірік айтады. Түбінде солар озады. Керісінше біз кризиске кіріп барамыз.