Билік ислам құнды қағаздарын шығарып, жол көрсетпек ниетте

3962 рет қаралды

Сукук – ислами құнды қағаздардың бір түрі. Ислам дінінде пайыздық облигацияларға рұқсат етілмейді. Сондықтан сукук – шариғат әдебімен әзірленген құнды қағаз. Ол бойынша пайыз есептеуге, яки пайыз есебінен амал жүргізуге тыйым салынған. Құнды қағаздың осы түріне әлемде қызғушылық жоғары. Қазір Таяу шығыс елдірі, Малайзия, АҚШ, Еуропа елдері де осыған назар аударуда.

Ел үкіметі де бұған дейін бюджет профицитін жабу үшін әрі сырттан қосымша қаржы құралын тартудың жолы ретінде 500 млн. доллар көлемінде құнды қағаздар шығаратынын мәлімдеген. Қаржы министрлігі ислами құнды қағаздарды шығаруды ойластыруда.

Десе де, еліміздегі «Ислам банкингі» заң бойынша тек «Самұрық-Қазына» мен «ҚазАгро» ұлттық холдингтерінің еншілес компаниялары сукук шығару құқығына ие. Құнды қағаздарға қатысты мұндай шектеулер реттеушілердің де, эмитенттердің де исламдық құралдармен жұмыс істеу тәжірибесінің жоқтығына байланысты.

Қазақстан қор биржасында ислами несие құнды қағаздарын шығару үшін барлық жағдайлар жасалған. Алматы өңірлік қаржы орталығында Ислам қаржы құралын дамыту басқармасы құрылған. Басқарма басшысы Айбек Бекжанов қазіргі кезде осы істі атқару үшін жұмысшы тобы құрылған дейді.

Businesswekk хабаршысы күні кеше ислам құнды қағазадарын сататын әлемдік компаниялардың атын атады. Тізімде Қазақстан даму банкі де көрсетілген. Биылғы жылдың ортасына қарай Қазақстанның даму банкі ислам құнды қағаздары сукукты шығаруы мүмкін.

Аталған мәселе заңды және экономикалық тұрғыдан сарапталуда. Қазақстан Даму банкінің өкілі Эльнура Абақанова: “Биылғы жылдың ортасына қарай нақтылы сомасы белгілі болады” деді.

Сукук шығарғысы келетін компанияларға отандық компаниялар сукукты ендіруде шетел компания қызметтеріне жүгінуде. «Кәусар Консалтинг» компаниясының өкілі Бекжан Толыбай ислам банкингі саласында отандық мамандарға жол ашамыз десек, солардың қызметін пайдаланған орынды дейді.
Оның пікірінше, егер елімізде ислам қаржы құралдарын дамытамыз десек, бұл істе шетелдің емес, отандық мамандардың қызметіне жүгінген орынды.

Ислам қаржы құралын дамытуға кеңес беретін “Кәусар консалтинг” компаниясы “Қаржы министрлігі сукук шығаратын болса, олармен әріптестік қарым-қатынаста жұмыс істеуге әзірміз” дейді. Ал Қазақстан Даму банкі сукук шығару үшін HSBC банкінің мамандарына жүгінбекші. Отандық сарапшылар сукук ислами қаржы құралы шамамен биылғы жылдың үшінші тоқсанына қарай шығарылады деп болжауда.
Асхат Еркімбай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі