India Times: Кришна Қазақстаннан энергия іздеп жүр

671 рет қаралды

KrishnaҮндістанның Сыртқы істер министрі С.М. Кришнаның Қазақстанға келуін әлемдік саясат жіті назарда ұстауда. Дүниежүзіндегі экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі ретінде Үндістан қазір қосымша энергия көздерін іздестіруде. Осыған орай Үндістан билігінің Қазақстанға сапары бірінші кезекте энергетикамен тікелей байланысты.

Өткен жылы Елбасы Үндістанның Республика күніне орай ұйымдастырылған шараға арнайы шақырылған еді. Бұдан кейін шақыруды Үндістанның ресми өкілдері де қабыл алды. Кришнамен бірге Қазақстанға ірі үндіс компаниялары қоса келді. Үндістан жиырма жылдың ішінде ақпараттық технологияны дамытып, әлемнің ең үздік ақпараттық технологиялық өнімдерін жасайтын елге айналды. Үндіс инвесторлары Қазақстанға олардың жаңа технологиялары қазақ экономикасының индустриясына оң серпін береді деген ниетпен шақырылды. Өз кезегінде Үндістан қазақ ресурстарын тұтынуға мүдделі.

Мақсат АЯН

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі