Банктегі есепшот нөміріне KZ таңбасы қосылды

712 рет қаралды
3

Қазақ банктері клиенттердің есепшоттарын халықаралық стандартқа сәйкестендірмекші. 7 маусымнан бастап екінші деңгейлі банктер тұтынушының есепшотына KZ жазбасы бар 18 нөмірлі сандарды қосады.

Халық Банкінің қоғаммен байланыс және маркетинг департаментінің директоры бөлімінің бас маманы Бағдат Болатжанұлы: «Халық банкінде заңды тұлғалардың 40%, жеке тұлғалардың 30% аталмыш жүйеге ауысып үлгерді. Жаңа жүйеге тіркелу мерзімі шектелмеген. Әр тұтынушы қалаған уақытында тұтынатын банкіне барып тіркеле алады. Карточка ескі болса, 16 нөмірлі сан қала береді, бірақ ақша аударту үшін 20 белгіні айту керек. Ал жаңадан карточка аштырған тұтынушының карточкасына жаңа 20 белгі таңбаланады» дейді.

Тәуелсіздік алғалы бері банктер ұсынатын карточкаларда 16 нөмірлі сан болатын. Алайда халықаралық қаржы-валюталық операциялар кезінде бұл карточкалар іске жарамай қалуы мүмкін. Сондықтан да үкіметтің қаулысы бойынша екінші деңгейлі банктер халықаралық стандартқа сай жұмыс істей бастамақ.

Карточканың бетінде алдымен елді танытатын жазба таңбаланады. Мәселен KZ, яғни «Қазақстан» дегенді білдіреді. Ал содан кейінгі 18 нөмірлі сан есепшоттың нөмірін көрсетеді.

Нысаналы Ығылов

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Алайда халықаралық қаржы-валюталық операциялар кезінде бұл карточкалар іске жарамай қалуы мүмкін
    ——————————————————————
    Халықаралық деңгейдегі 16 орындық таңбасы (цифр) бар карталарды қолданғанда еш қиындық көрмедім. Халықаралық стандарты қалай аталады? Шетелдік банктердегі есеп-шоттарда KZ, NL, RU секілді таңбалар байқалмайды ғой.

  2. Карточка сол күйі қалады. Банктен 20 таңбалы нөмір көрсетілген тек бір жапырақ қағаз ұсынады. Бұрынғы КЗ-сы жоқ карточкамен ақша ала бересіз.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі