Доп бізге бейтаныс емес

3527 рет қаралды

(Қазақтың доп ойыны туралы алғашқы ізденісі)
Қазақта доп ойындарының түрлері өте көп. Мысалы, жасалған материалына, ойнау әдістеріне қарай қуық доп, қазан доп, шоқпар доп(тобық доп, шөген доп), киіз доп, жүн доп… – деген сияқты түрге бөлінеді.

Қазақ ұлты – Азиядағы байырғы мәдениетті ұлттардың бірі. Қазақ ұлтын құраған ру-тайпа, ұлыстардың осыдан 2000 жыл бұрын өз тіл-жазуы, салт-санасы, кемелденген заң-түзімі, үлкенді-кішілі бекеттері болғаны анық. «Көшпенділер» деп аталатын ұлы даланың жауынгер перезеніттері ел басқару ісіне, өнер-білімді қадыр тұтып үйренуге, әскер жаттықтыруға, әйелдерді іскер-ибалы етіп тәрбиелеуге, балаларды жасынан баулуға баса мән берген-ді. Осының айғағы қазақтың доп ойындары.

Қазақта доп ойындарының түрлері өте көп. Мысалы, жасалған материалына, ойнау әдістеріне қарай қуық доп, қазан доп, шоқпар доп(тобық доп, шөген доп), киіз доп, жүн доп… – деген сияқты түрге бөлінеді. Бұл доп ойындарының әрқайсысының өз алдына ойнау әдістері, шарты, ережесі бар. Өзара ұқсап та кетеді. Осы доп ойындарының қоғам дамуына байланысты ойналу көлемі барған сайын тарайып, орнын осы заманғы доп ойындары басып, тегі тектеліп, ұлттық мәдениеттің бір әйгілісі ретінде үгіттелгеннің орнына, жабайылықың, мәдениетсіздіктің белгісіндей саналып, ұрпақтар санасында бұлыңғыр елесі де қалмай бара жатқаны өкінішті-ақ!

Осындай «рухани бостықты» толтырып, халық рухын серпілтер игі істерді істеу – әрбір ар-ожданды азаматтың бас тартпас ұлы да қасиетті борышы деп білеміз.

«Пайдалану хабарының»(қытайда шығатын қазақ тіліндегі күнделікті газет) биылғы бір санында «Доп шежіресі» деген шағын мақала шықты. Мақалада : «Сонау 2500 жылдың алдында қытайлықтар доп тебу ойынын ойнаған. Олар шошқаның немесе сиырдың қуығына жел толтыру арқылы жасалған допты тебуші еді. Сонымен бірге Гректің және байырғы Римнің патшалары да осы ойынға әуестенетін»- делініпті. Ендеше, байырғы Қытай мен ежелгі Грек, Римдердің орасын жалғап, ұлан-байтақ Азия сахарасын неше мың жыл жайлап, нелер мықты қағанаттар, хандықтар құрған «Көшпенділер» деп аталатын ұлы табиғаттың серісі – Ғұн, Сақ, Үйсін, Теле, Рұң тектес тайпалар мен ұлыстар осы доп ойынының ортасы болған деуге болады.

Мәселен, алдымен допың материалын алып айтсақ, малдың қуығы, тобығы, жүні… бәрі-бәрі көшпелілер дүниесі.

«Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 4000-ыншы жылдың аяқ шенінде адамдар ең жүйрік аң – жылқыны үйретті. Салт атты көшпелілер пайда болды. Украиниядағы Деревка елді мекені, Ресейдегі Воловат қонысы, Қазақстандағы (Көкшетаудағы) Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар… – осының дәлелі» – депті Манаш Қозыбаев «Қазақ тарихы – дала өркениетінің құрамдас бөлігі»-деген мақаласында («Шинжяң қоғамдық ғылымы» 1998 жылы 3 сан). Кейіндеп көшпелілер мәдениеті өзіне тән ерекшелікпен тіпті де өркендеп үлкен тұтастық қалыптастырған. Осы көшпелілерден бізге қалған ойын түрлері де аз емес еді. Соның бірі – осы доп ойыны.

«Доп» сөзіне келсек, «Түркі тілдер сөздігінде»: «топ» деп таңбаланған, қазақ айтылымында «топ» деп те айтылады. Және тобық допты алып айтсақ, шоқпармен ұрып ойнайтын атүсті ойыны, осының сарқыны ма, қазақта «тобық тығу» ойыны қазірге дейін жалғасып келеді. Қазақта доппен байланысты баламалап айтылған атау сөздер мен тұрақты тіркестерден бірталай бар. Мәселен, «тобықтан қағып түсіру», «допша ұшыру», допа(бас киім), допша, доптай, доп-домалақ, дөп-дөңгелек, Тәңір добы, адам басы – Алланың добы, той десе қу бас домалайды… Қазақта жүйрік жылқыны – «жел қуық» дейді. Мұнда қуық доппен байланысты айтылған болуы мүмкін. Осы сөздердің өзі-ақ доп ойынының өте ертеден қазақ арасына кеңінен жалпыласқандығының бір айқын дәлелі. Ат үсті доп ойыны болған шөген доп(тобық доп, шоқпар доп) ойыны түрки тектес тайпа-ұлыстарда, соның ішінде әлмисақтан бері «ат – ер қанаты»-дейтін қазақтарда да өте ертеде дамыған. Белгілі зерттермен, жазушы Зейнолла Сәнік ағамыз «Мұралар не айтады»-деген көлемді зерттеу кітабында археологиялық қазбалар мен қытай жазбаларына қарай отырып, жыл санауымыздан бұрынғы жетінші ғасырда арнаға түскен кемелді ережесі бар ат үсті доп ойыны бар екендігін айтады. «Түрік эциклопедиясында»: «бүгінгі ат үстінде ойналатын тобық доп ойыны Орта Азиядағы түркі тайпаларының қадым заманда ат үстінде ойнайтын ойындарының бірі. Бұл доп ойыны Орта Азиядан Үндістанға тараған. Ол жерден ағылшындар Еуропаға апарды. Поло (POLO) деген атпен дүниеге танылды»-делініп, оймызды тіпті де айқындай түседі.

«Пайдалану хабарындағы» доп туралы мақалада және: «Англияның футболды қалай дамыта түскенін ешкім білмейді, тек 14 ғасырда әрқайсы қыстақтар арасында футбол жарысы кеңінен жалпыласқан» – дейлі. «POLO» деген атпен дүниеге таралғандығы сияқты қуық доп, жүн доп, киіз доптың да батысқа және шығысқа ірге кеңейткен, байтақ Азияда серілік құрумен тынбай Америка құрлығына да алғаш қадам тастаған көшпелілердің жүрген жеріне таратқан көп өнерінің бірі болуы да әбден мүмкін.

Доп ойынын, әдетте, балалар көп ойнайды. Балалар бір-біріне еліктегіш, көргенін істейді. Сол жаңалыққа жаны құштар балалардың арқасында бүгінге жеткен ойындардың балалардың арқасында дүниеге таралуы да әбден мүмкін ғой.

Сөздің соңын қазақтың ұлы ғалымы, ойшыл ақыны Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінен» алынған өлең жолдарымен ақырластырғым келеді.

2630

Түрлі өнерді біліп алса шетінен,

Парасаттың нұры ойнар шетінен.

2634

Нард, шатрианж ойнағанда жарқылдап,

Ұтып алса қарсыласын алқымдап.

2635

Аңшы болса, ат құлағында ойнаса,

Құралайды көзден атып қоймаса.

(Нард – дойбының ертеде шығыс елдерінде кең таралған бір түрі, шатрианж – шахмат)

2635-інші шумақтың Асқар Егеубай аудармасы мен қазіргі ұйғұр тіліндегі аудармасында айырмашылық бар. Мұның себебін қарастырыу басқа мақаланың үлесінде. Қазіргі ұйғұр тілінде былай делінген:

2635

Ыұ білсүн чеугенні, атар болсұн ыұқ,

Иене құшчы уе ыоуда теңдіші иоқ.

Мұндағы «чеуген» деген допты ойнауға қаратылған, Жүсіп бабамыз 11 ғасырда тұрып бізден доп өнеріне жетік болуды үміт еткен. Мына бейбіт заманда бабамыздың төл мұрасы – доп ойынын дәуірге сәйкестіріп дамыта түсейік.

«Ұлттар ынтымағы» журналы 1999 жыл 1 сан

Авторы: Мәдениет Мұқатайұлы

Төтешеден криллишеге түсірген Мейіржан ӘУЕЛХАНҰЛЫ

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі