«Алаш Орда» қайраткерлеріне ескерткіш тақта орнатылды

1136 рет қаралды
1

kui1_0Орынборда 1 және 2-жалпықазақ сьезі өткен және «Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткері Ахмет  Байтұрсынов тұрып және жұмыс жасаған үйлерде ескерткіш тақталар ашылды.

Орынбор қазақ елінің тарихында ерекше орын алады. Басқасын айтпағанда, қаланың 1920-1925 жылдары Қазақстанның астанасы болғаны мәлім. Сондықтан мұнда қазақтың бірегей тұлғаларының іздері сайрап жатыр. Қазақ тарихымен біте қайнасып кеткен тарихи үйлер қаншама. Соның бірі – Чичерин көшесіндегі 75-үй. Мұнда Ахмет Байтұрсынов 1913 жылдан бастап Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовтармен бірге «Қазақ» газетін шығарды. 1918 жылға дейін басылып тұрған газет қазақ даласындағы ең негізгі басылымға айналды.

20101124163250Ахмет Байтұрсынов – «Алаш» партиясын құрушылардың бірі. Орынбор қаласында 1917 жылы елім деп өткен ерлердің басын қосқан 1 және 2-жалпықазақ съездері өткені белгілі. Осы съездер өткен Пушкин көшесіндегі 39 үйге де ескерткіш тақта орнатылды.

Ескерткіш тақталардың ашылу салтанатына Орынбор облысының бірінші вице-губернаторы Валерий Рогожкин,  Қазақстан Республикасының РФ-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков, ҚР Мәдениет вице-министрі Ғазиз Телебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғали Сағадиев, Орынбор қаласының басшысы Юрий Мищеряков қатысып, сөз сөйледі. Олар мұндай оқиғаның әуелден іргесі берік, бір-бірімен мидай араласқан екі елдің достық қарым-қатынасының нығаюына септесетінін атап өтті.

Зауытбек Тұрысбеков өз сөзінде  болашақта осындай жұмыстардың жалғасатындығын айтты. Мәселен, Орынборда екі халықтың достығына арналған гүлзар ашу көзделіп отыр. Бұл туралы облыс және қала басшыларымен кездесуде әңгіме болды. Сол күні  «Ресей-Қазақстан қарым-қатынастары: тарих және қазіргі уақыт» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Онда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай екі елге ортақ мәселелерді одан әрі зерттеу, соның ішінде «Алаш» қозғалысына байланысты іс-шараларды жалғастыру қажеттігі  және басқа да өзекті мәселелер кеңінен қозғалды.

Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйінің директоры Райхан Имаханбетованың айтуынша, алаш зиялыларына байланысты ескерткіш тақталардың ашылуы қос елдің достығының жарқын айғағы іспеттес.
Осы мәселеге бірінші болып қолдау көрсеткен ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов болатын. Ол 2009 жылы Ресей Үкіметінің басшысы Владимир Путинге арнайы хат жазған еді. Соның нәтижесінде Орынбор облысы басшыларының қолдауымен осындай іс-шаралар атқарылып отыр. Бұл игі істер болашақта жалғасын табады.

Елжан Ералы, “ҚазАқпарат”.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі