Ұлытауда ұлықталды хан Кенем

662 рет қаралды

хан кенеҚұп, Тәуелсіздік – тіл тигізбейтін ұғым. Әйтсе де тәуелсіздік үшін жанын пида еткен тұлғалардың тәуелсіз елде ұлықталмай жатқаны кейбір ағайынның ащы даусын шығаруға бар. Мұны да түсінелік. Мәселен, Алаштың азаттығы үшін аһ ұрып, ормандай орысқа ойран салған Кенесарыға азат Қазақстанда өз деңгейінде құрмет болмай жатқаны өтірік пе?! Аузымызды толтырып хан Кенені азаттықтың символы дейміз. Қазақтың соңғы ханы дейміз кеудемізді дүңк-дүңк ұрып. Иә, ол отарлаушыға қазақтың мәңгі құлдықта ғұмыр кеше алмайтынын ұқтырды. Жер шарының жартысын иемденген империяға рухымен сес көрсетті.

Хан Кене шаһид болған күннен бастап қазақтың құлдық дәуірі басталды. Қазақ билігінен айырылды. Жерінен айырылды. Малынан айырылды. Аштыққа ұшырады. Бордай тозды. Ботадай боздады. Болмысынан ажырады… Мұндай күнде Тәуелсіздіктің таңы атты. Ел еңсесін көтерді. Бірақ жылдар бойғы, ми түгілі, сүйегіне сіңген құлдық сана ұлттық иммунитетке жан бітірмей жанталасып жатыр. Оның емі қандай? Бір һәм төте жолы – ұлттың азаттығы жолында құрбан болған батырларды ұлықтау. «Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім» демекші, дәл осыған келгенде кібіртіктеп үніміз бәсеңси түседі. Бір ғана мысал, осы күнге дейін хан Кенеге тұтас Қазақстанда бір-ақ ескерткіш орнаттық… Сүйінші, жылағаннан жас тыйылмас, екіншісі бой көтерді! Өткен жұма күні қасиетті Ұлытауда ұлт батырына еңселі ескерткіш қойылды. Ақ шымылдық сыпырылып жерге түскенде ақ гранитке қашалған батыр айбары бойды шымыр еткізді. Кеудесіне басқан алмас қылыш соғысқа емес, бейбітшілікке соғылған белгі дестік. Сұсты батыр бейнесі енді қазаққа мәңгі жаудың жоқтығын меңзегендей. Мына сәйкестікті қараңыз, осы жерде осы күнге дейін «күн көсем» Ленин қазаққа «жол сілтеп», қол сілтеп тұрған. Енді оның құтын қашырып, хан Кене құтты орнына оралды! Қуаныштан, бәлкім, ащы зар, мөлт еткен ыстық жас кеудеге тырс-тырс тамды… Тебіреністен әкім Әбдіғалиев Сұлтанмахмұттың: «Болғанда әкем – қазақ,

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі