ЕҚЫҰ Саммиті

1116 рет қаралды
6

Бүгін Астана қаласында ЕҚЫҰ Саммиті басталды. Бұл ЕҚЫҰ тарихындағы 7-саммит. Бұған дейінгі Саммиттер: 1975 жылы Хельсинкиде, 1990 жылы – Парижде, 1992 жылы – Хельсинкиде, 1994 жылы – Будапеште, 1996 жылы – Лиссабонда, 1999 жылы – Стамбулда өткен болатын.

Қазіргі мәліметтер бойынша, ЕҚЫҰ Саммитіне 65 елдің делегациясы қатысып жатыр. Соның ішінде 28 елдің президенттері, бір елдің вице-президенті, 10 – Премьер-министр, 7 вице-премьер, 14 сыртқы істер министрі және 3 сыртқы істер вице-министрі қатысуда.

25 қарашадан жаңа “Саммит ТВ” телеарнасы өз жұмысын бастады. Ол Қазақстандық алғашқы ұлттық спутниктік арна “Caspionet”тің базасында құрылды. “Саммит ТВ” тәулік бойы, тек қана ағылшын тілінде хабар тарататын болады. Оны Еуропаның, Орталық Азияның, Орталық Шығыс және Африканың солтүстігіндегі 100 миллион тұрғын тамашалай алады.

ЕҚЫҰ талаптары бойынша, саммиттің барлық іс-шаралары ұйымның алты жұмыс тілі – ағылшын, француз, испан, неміс, орыс, итальян тілдерінде ілеспе аудармамен аударылады. Саммит жұмысын әлемнің 1000 журналисі насихаттап, тарататын болады.   

Саммитке ең алыстан 9542 шақырым жерден американдық делегация, ең жақыннан – 952 шақырым жерден қырғызстандық делегация келді. Саммитке әуе кемесімен 1600-ден астам адам ұшып келген.

23 қарашада ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 елдің сыртқы істер министрлері 2013 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалықты Украинаға тапсыруды мақұлдады.

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. Иә, сәт. Астананың абыройы – Алаштың абыройы!

  2. Бұл Саммит Астана үшін де, Қазақстан халқы үшін де игілікті болғай!

  3. Өзіңді-өзің жарылқап алмай, жаттың көңілін табам деген Қазақстанның “жез өкшелік” саясатына жол болсын. Мен саммиттен қазаққа тиімді ештеме күте алмаймын.

  4. Халықтың соры, “жезөкшелік саясат” дегенді қайдан тапқансың, ауызға келгенді айта беруге болмайды. Бұның әрине, ұлттық мемлекетімізге пайдасы болмасада, халықаралық абойымызға, бет-беделімізге тиімді. Еуропаның қабағына әлем қарайды, сондықтан біздің бұндай ұйымдарға мүше болғанымыз өте дұрыс бастама!!!!

  5. ХАЛЫҚТЫҢ СОРЫ: “жезөкше” саясат дегенді қайдан шығардың? Бұл саммиттің ұлттық мелекетімізге тигізер пайдасы аз болғанымен, әлемнің барлық елі, АҚШ -тың қабағына қарап отырады. Сондықтан, Қазақ еліне аброй-бедел керек.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар