Миллиард қытайды бағындырған қазақ қызы

952 рет қаралды
3

Қаңтардың 1-жұлдызы күні алтын уақытта Жанар Сағатқызының «Таң алдындағы сайыс» фильмі Қытай Орталық Телевизиясының 1-інші арнасынан мерекелік сый ретінде миллиард қытай көрермендеріне жол тартпақ.

Фильмнің бас режиссоры Жанар Сағатқызы фильм түсіруді бастау салтында сөз сөйлеп тұр
Фильмнің бас режиссоры Жанар Сағатқызы фильм түсіруді бастау салтында сөз сөйлеп тұр

Бұл мерейге жету қытайдағы әрқандай бір режиссордың маңдайына жазыла бермейтін бақыт. Фильмнің режиссоры Жанар Сағатқызы осыдан бұрын да көрермен қауымның ыстық ықласына бөленген «Құрыш қалай шынықты», «Республика қарсаңы», «Бір дәуірдің жастары» сияқты әйгілі телесериялдарға режиссорлық еткені белгілі.

Бас рөлдерде атақты кино актерлері Ду И Лу, Сүн Шиң
Бас рөлдерде атақты кино актерлері Ду И Лу, Сүн Шиң

Бұл фильмдердің бас рөлдерінде атақты кино жұлдыздары Ду И Лу, Сүн Шиң, Жоу Иаң, Хуаң Шу Ан-дар болған. «Халық» торабының хабарлауынша бұл кино Қытай Орталық Телевизиясының (CCTV) зор үміт артып, жыл басында неше жүз миллиондаған халыққа көрсетуга жарайтын ең тартымды фильмтер қатарына қойған.

Телефильм жарнамасынан
Телефильм жарнамасынан

Жанар Сағатқызын қазақ көрермендері осыдан бұрын да отандық БАҚ-қа берген сұхбаттары және телефестивалдарға қатыстырған фильмдері арқылы таниды.

Фильм туралы бейнеқұжат.

——————————
Ақпарат көзі: “Халық” торабы
Суреттер: “Халық” торабынан алынды

Әзірлеген Мейіржан Әуелханұлы,

әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Біздің режиссороар тақырып тапаи Келінді тусіріп куллі елге масқара қып жургенде Жанар Сағатқызының мынасы ерлік екен!

  2. Жақсы жаңалық екен. Әттен, қазақ тілінде біздің де көре алмайтынымыз өкінішті-ақ.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі