Ақ қоян жылы құтты болсын!

1707 рет қаралды
1

jana jil2

Берекесi мен ырысы мол, қиыны мен шырғалаңы да жетерлiк барыс жылы тарих қойнауына кетіп, Ақ қоян жылы да есік қақты. Барыс жылы қазаққа берекесі мен сынағын қоса ала келді. Өткен қыс қаһарын тiккені баршамыздың есімізде. Қазақстанның бiршама өңiрлерi топан су астында қалып, Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының бiраз тұрғыны тiлсiз жаудың құрбаны болды. Шығыс Қазақстан облысының көптеген елдi мекендерi де топан суға тоғытылды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Бiрақ, баспанасыз қалған, үйсiз-күйсiз тентiреген отандастарымыздың қарасы молайды. Билiк халықтың қалауын тауып, баспанасын салып берiп, тиiстi жәрдемақысын төледi. Дегенмен, жұттың аты – жұт, халықтың құтын бiраз қашырып жiбергенi айқын.

Сарапшылар қоян жылының ондай тосын мiнез көрсете қоймайтындығын айтып отыр. Қалай дегенмен де, айдан аман, жылдан есен 2011 жылдың есiгiн қағып та үлгердiк. Өткен жылдың ең айтулы саяси оқиғасы ретінде – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мен Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммиті ауызға алынып отыр.

Ал биыл да еліміздегі саяси оқиғалардың көрігі қыза түсетін секілді. Ең әуелі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы жыл бойы аталып, ұрпақ санасына еліміздің ең қасиетті мейрамы – Тәуелсіздік ұлағатын сіңіре білу. Жалпы, күні бүгінге дейін Тәуелсіздік күнін ұлықтау өз дәрежесінде емес. Жыл сайын жарнамасы үстем, жаңа жылдың жарқылдағының астарында қалып келеді. 20 жыл бойы ұрпақ жады тәуелсіздік рухымен рухтана алмады. Әлі күнге дейін Ресейсіз күніміз қараң деген идеядан аса алмай келеді. Сол себепті де, тәуелсіз елдің бостан ұрпағын бодандық сана қамтынан құтқаратын жаңа идеялық рухқа шақыра білу керек. Тәуелсіздігімізді баянда ету жолында жанын пида еткен алаш ұрпақтарының тағылымын үнемі есте ұстай білген жөн.

Сондай-ақ, елімізде тұңғыш рет болғалы отырған Ақ Азиаданы абыроймен атқарсақ, одан кейін Ислам конференциясына төрағалық та елдігімізге сын болмақ.

Жыл соңында бір топ қоғам қайраткерлері Өскеменде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік мерзімін 2020 жылға дейін созу үшін жалпыхалықтық референдум өткізу жайлы бастама көтерді. Бұл бастама Орталық сайлау комиссиясы тарапынан мақұлданып, референдум өткізу үшін қажетті 200 мың адамның қолын жинау акциясы басталып та кеткен еді. Жыл аяқталмай 200 мың қолдың жиналғандығы да мағлұм болды. Бірақ, бұл мәселеге Елбасы өз көзқарасын таныта қойған жоқ. Егер, елбасы жалпыхалықтық референдумды мақұлдар болса, алдағы наурыз айында референдум өткізіліп,  2012 жылы болуы тиіс Президенттік сайлауға нүкте қойылады деген сөз.

Демек, Ақ қоян жылы да саяси науқандарға толы, мазмұнды жыл болайын деп тұр.  Тек былтырғы ақсүйек жұттың бетін аулақ қылып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ел іргесі сөгілмесін, әр үйге бақ пен береке орнасын!

“Мінберліктер”

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Жаксы сөз жарым ырыс. Ақ қоян жылы да саяси науқандарға толы, мазмұнды жыл болайын деп тұр. Тек былтырғы ақсүйек жұттың бетін аулақ қылып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ел іргесі сөгілмесін, әр үйге бақ пен береке орнасын!

    деген тілектеріңізге АЛЛАНЫҢ НҰРЫ ЖАУСЫН! Құрметті “мінберлік” алаштың арқа сүйер азаматтары.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері