Қазақстан парламенті Президент ветосын айналып өтпек пе?

668 рет қаралды
4

nurs 114 қаңтар күні парламент палаталарының біріккен жиналысы өтпек. Әзірге онда не туралы сөз болатыны белгіcіз. Ол туралы тиісті құжатқа төменгі палата төрағасы Орал Мұхамеджанов қол қойған. БалтИнфо.ru сайтына сілтеме жасаған mail.ru жаңалықтары «онда Президент Н.Ә.Назарбаевтың өзінің президенттік мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі бастамашыл топтың ұсынысына жариялаған ветосын депутаттар айналып өткілері келеді» делінген.

Егер осы ұсынысты депутаттардың 80 пайызы қолдайтын болса, онда мұндай мүмкіндікке қол жеткізуге болады екен. Естеріңізде болар, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 27 желтоқсан күні президенттің өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде референдум өткізу туралы бастамашыл топтың арызын тіркеген. Бірақ, Прзидент парламенттің президенттік мерзімін жалпы халықтық сайлау өткізбей-ақ республикалық референдумда 2020 жылға дейін ұзарту туралы конституцияға түзету енгізу ұсынысын қабылдамай тастады. Президенттің бұл туралы жарлығы 7-қаңтар күні ресми БАҚ-тарда жарияланған еді. Сонда, Президенттің – Ұлт Көшбасшысының сөзін тыңдамаған Парламент кімнің сөзін тыңдамақ?!…

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Өткен жылдың желтоқсан айының соңынан бастап ел ішін дүрбелеңге салып, қоғамның басты тақырыбына айналып, елді алаңдатқан референдум туралы ұсынысқа Елбасының өзі нүкте қойды.

    «Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламентінің бастамашылығымен жасалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Қазақстан Республикасы парламентінің ұсынысы қабылданбасын».

    Міне, қаңтардың 6-сы күні президент қол қойған жарлық. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

  2. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қазір елімізді басқарып отыр. Бүгінгі жетістікеріміз, жетіспеушіліктеріміз бәрі осы тұлғамен байланысты. Менің ойым осы Нұрсұлтан Әбішұлының өкілеттігін 2020 жылға қалдыру туралы бастамашылар, басшылардың түпкі ойлары: “Ертең қандай бір келеңсіз жағдай болса, екі тізгін бір шылбырды сеніп тапсырып едік. Кінә да күнәде Нұрсұлтан Әбішұлының мойынында” деп ЖАУАПКЕРШІЛІКтен қашып жатқандары емес пе! Әйтпесе еш жау қуып келе жатқан жоқ. Енді бір жылдан кейін онсыз да сайлау болады. Онсызда сайлаймыз. Сонда немене жанталас осы, түсіне алмадым.

  3. Мәссаған безгелдек! Енді көкелеріміз тағы бір масқара шығаратын болды!

қазбек жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері