/

Мұзбалақтың рухы

1033 рет қаралды
3

мұқағали(Алматыда Мұқағали ескерткіші

 ашылған күні жазылған)

 

Қара өлеңді қайтарып,

Өлген дейтін құсадан.

Ақынның хас мүсіні –

ХанТәңірі құсаған.

 

Түнделетіп сол күні,

Бардым ақын басына.

Бір періште жайғасып,

Алған екен қасына.

 

Тағдыры ма ызғарлы,

Түбіне ықтап Еменнің.

Тірілерден түңілген,

Түріне ендім, не дермін?

 

Жылағанды сұрамас,

Жып-жылы бақ–

Жыр мекен.

Мұзбалақтың Рухы

Мұнда келіп тұр ма екен?

 

Сора-сора, жалаң бас,

Әдемі қыз Ақсары.

Мұң шуағын құяды,

Мұқағали Аспаны!

Б.Бәмішұлы,19.12.2002.

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Қолда барда алтынның қадірі жоқ. Ұлылардың ерлігін өлгеннен кейін білінетініміз өкінішті-ақ. Егер Мұқағалидың көзі тірі болса қазақ поэзиясындағы қатардағы ақынның бірі ғана болар еді. Кезіндегі қазақ баласына рух сыйлаған қазақ әндерінің авторы Шәмші де елеусіз өтті емес пе? Ал, қазір ше…

  2. Қазақтың сүйегіне біткен аурудан арылу жолын әр кім шама шарқынша жасай беру керек деп ойлаймын. Өлгенен кейін айтылмай қалса тіпті өкініішті емес пе?

  3. Аттан түспей ақ қоңғанша сақалға,
    Талай ұлы өтпеппеді шақарда.
    Біздің Қазақ, алыпты, алып деп айтат,
    Аттандырып тастағансоң сапарға.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі