/

Халықаралық білім гранттары

1070 рет қаралды
1

Фотоника ғылыми-зерттеу институты  (ICFO, Барселона, Испания) жас ғалымдарды
постдокторлық зерттеулерге қатысуға шақырады.

Еуропалық комиссияның ( Marie Curie Co-funding of Regional, National and International Programme (COFUND) ) қаржылық қолдауымен жүзеге асатын Халықаралық бағдарламаның мақсаты  – ғылыми мансабының  алғашқы қадамдарын жасап жатқан жас зерттеушілерге ғылымның бүгінгі жетістіктерін қолдана отырып  өз бетінше жұмыс істеуге және танымал зерттеушілерге айналуларына мүмкіндік жасау.
Бұл институт 24 айға созылатын 14 стипендия тағайындайды. Стипендиаттарға  ICFO зерттеу тобының жұмысына қосылу ұсынылады.

ICFO тобында жүргізілетін ғылыми зерттеулердің қысқаша тізімі: биофотоника, фотомедицина, нанофотоника, нанотехнология, сызықтық емес оптика, кванттық оптика, кванттық информатика, лазерлік физика (ультрақысқа импульстарды генерациялау), оптоэлектроника және т.б.

Конкурсқа қатысуға Испания азаматы емес жас ғалымдар шақырылады. Егер талапкер Испанияның білім бағдарламаларына қатысқан болса, оның Испанияда болған уақыты соңғы екі жылда 12 айдан аспауы керек. Өтініш берушінің соңғы бес жылда алған  PhD ғылыми дәрежесі мен  кем дегенде бір ғылыми мақаланың авторы болуы керек.

Стипендиаттармен стандартты келісім шарт жасалады. Бағдарламаға қатысу өтінішін  2012 жылдың  30 маусымына дейін беруге болады.

Толығырақ мәліметтерді ICFO сайтынана алуға болады.

Дайындаған Салыхова Бақытгүл

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Сәлеметсіз бе, журналистика мамандығы бойынша бар ма, егер бар болса магистр дәрежесі жарайды ма және қай тілді білуі тиіс?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі