IТ мамандары мен осы саладағы студенттерге

741 рет қаралды

internet1 (Copy)

PS:  Биыл болмаса да келесі жылдары біреу болмаса біреу қызығушылық танытып қатысатын болар деген үмітпен.

Google Code Jam 2011 – Программалау саласындағы конкурс, оған кәсіби мамандармен қоса студенттер де қатыса алады. Онлайн өткізілетін төрт раундтан тұратын шара 6 мамырда басталып, финалы Токиодағы Google-дың кеңсесінде аяқталады. Толығырақ мына жерде

Сонымен бірге Алматыда GTUG-тың жұмыс істей бастағанын білетін боларсыздар.

Тарихтан: Google Technology User Group ( GTUG, “джи-таг”) – Google-дың технологиялары мен өнімдерін қолданатын адамдардың ашық тәуелсіз қауымдастығы. Олар гугл туралы білген үстіне біле түскісі келетіндер, өз тәжірибесімен бөлісіп, басқа да елдердегі қауымдастықтармен араласқысы келетіндер. Осындай бірінші топтар 2008 жылы құрылды, қазіргі кезде көптеген елдерде бар (http://www.gtugs.org)

Алматы қауымдастығының жаңалықтарымен мына жерден танысуларыңызға болады.

Сонымен бірге оларды туиттерде де кездестіре аласыз http://twitter.com/#!/almatygtug

Осы қауымдастықтың келесі кездесуі 10 мамырда болайын деп жатыр, оған қатысам деушілер мына жерге тіркелулеріне болады.

Қатыспасаңыздар да біле жүрсеңіздер артық болмас деген оймен

Бақытгүл Салыхова baqytgul@gmail.com

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі