//

Молекулярлық биология саласындағы жас ғалымдарға

895 рет қаралды

Егер сіз молекулярлық биология саласында зерттеулер жүргізіп жүрсеңіз немесе болашақта осы салаға бет бұрғыңыз келсе, жас ғалымдарды қолдайтын сыйақылардың бар екенінен хабардар болыңыз.

Жас ғалымдарға арналған сыйақыны ( The GE Science Prize for Young Scientists)  General Electric компаниясы мен  Science  журналы 1995 жылы тағайындаған болатын.

Бұл сыйақы  молекулярлық биология саласында маманданған жас ғалымдардың (ғылым кандидаттары, PhD)  айтарлықтай жетістіктері үшін беріледі.  Соңғы жылдары 75 жас зерттеуші  осы премияның иегері болды, олар қазір дүние жүзінің танымал университеттері мен  беделді ғылыми-зерттеу лабораторияларында жұмыс істейді.

Егер сіз молекулярлық биологиядан  2010 жылы PhD дәрежесін алған жас ғалым болсаңыз, осы  байқауға қатысып 2011 жылы сыйақыны алуға үміткер бола аласыз.

Ұйымдастырушылар бірнеше сыйақылар дайындаған: ең басты жүлде $25,000 ақшалай сыйақы, аймақтардағы жеңімпаздарға бірнеше ақшалай сыйақы, сонымен қатар жеңімпаздар Science журналында немесе  Science журналының сайтында өз жұмыстарын басып шығара алады.  Премияның барлық  финалистері Стокгольмде  (Швеция) өтетін  марапаттау рәсіміне және Нобел лауреаттарымен кездесуге  қатыса алады.

Толық ақпаратты осы сыйақының сайтынан таба аласыздар.

Өтінішті 2011 жылдың 1 тамызына дейін беруге болады.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі