/

Қазақ блогшысы Вашингтонда

966 рет қаралды

Қазақ блогшысы Нұрғиса Асылбеков АҚШ-тың Мемлекеттік департаментіне қарасты Foreign Press Center орталығының арнайы байқауына қатысып, Blogging for Social and Political Change (Әлеуметтік және саяси өзгерістер үшін блог жүргізу) атты бір апталық бағдарламаға жолдама ұтып алды.

Нұрғисаның АҚШ-тағы сапарында Блог және қоғам тақырыбындағы әртүрлі пікіралмасулар мен арнайы жиындарға қатысу көзделуде. Әрі бұл сапарға Қазақстаннан өзге әлемнің 20 блогшысы жиналмақ.

Нұрғисаның жазғандарын өзінің жеке блогынан және twitter-ден @nurgisa деп тауып, оқуға болады. Дәл қазір Нұрғиса Вашингтон қаласында жүр.

Twitter-дегі @Nurgisa ойлары
Twitter-дегі @Nurgisa ойлары

“Тур барысында интернеттегі сөз бостандығын қорғау топтарының белсенділерімен, Миннесота Университетінің журналистика факультеті студенттерімен дидарласып, Миннеаполисте екі күндік Blogs and New Media in Political Advocacy (Саяси ұстанымдарды қорғауда блог және жаңа медияның ролі) форумына қатыспақпыз” дейді Нұрғиса сапары жайлы жазған жазбасында.

Вашингтон қаласынан хабарлаған алғашқы жазбасында қазақ блогшысы: “Алтын жалатылған ешнәрсе жоқ. Қарапайым ғана нәрселер, бірақ әр не өз бабымен, өз парқымен кәдеге жаратылуы Американы Америка қылып отыр-ау осы деген тұжырым туғансыды” деп өзінің алғашқы әсерлерімен бөлісіп үлгерді.

Нұрғиса өзінің www.nurgisa.kz атты жеке блогына 2007 жылдан бері жүргізіп келеді. 2008 жылы Нұрғисаның блогы “Award.kz” ұлттық интернет бәйгесінде “Жеке парақшалар” номианациясында бірінші орынды, “Мемлекеттік тілдегі үздік сайт” номинациясында III орынды және SMS дауыс беру жүйесі бойынша бірінші орынды иеленген болатын.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі