//

Алдар Көсе қайта оралды…

1467 рет қаралды
1

Ия, балалар ертегісіндегі басты кейіпкер, жақсылардың жақтаушысы, сараңдардың қорқатыны – Алдар Көсе  біздің заманымызға  оралыпты. ХХІ ғасырға оралған ол түрлі қызықтарды бастан кешіріп, жаңа заманмен танысыпты.

Кеше, яғни, қарашаның 9-шы жұлдызы күні Алматы қаласындағы Silk Way City кинотеатрында “ХХІ ғасырдағы Алдар көсенің  бастан кешкендері” атты жаңа қазақстандық толықметражды көркемфильмнің тұсаукесері болып өтті.   Жоба авторы – Самат Нысанбеков. Аталмыш көркем фильм режиссерлері Бүкілресейлік Мемлекеттік Кинематография Университетінің (ВГИК) жас түлектері, қазақстандықтар  Бекайдар Шалдарбеков пен  Вертиков Александр.  Бұл жас мамандардың алғашқы жобалары.  Сценарий авторлары – Бекболат Шекеров пен Алмас Абдіков.  Ұзақтығы 1 сағат 28 минутқа созылаған фильмге демеушілік көрсеткен – “КсеІІ” байланыс жүйесі.  Қазақ халық ертегісінің заманға сай  баяндамасындағы басты рөлдерді танымал актер әрі тележүргізуші Бақытжан Алпейісов пен Гүлнара Байбосынова сомдады.  Жобаны іске асыруға  бір жарым жылдан артық уақыт кеткен.

Фильмнің басты идеясы – Алдар Көсе бізге қайта оралғанда қайтер еді? Осы сұраққа жауап іздеу және әлеуметтік проблемаларды көрсету.  Ертегі кейіпкері арқылы әділдік әрқашанда жеңетіндігін жеткізу.

Фильм көңілді Алдар Көсенің бақсыны ренжітіп алып, әлгінің оған қарсы жасалған шамандық қылықтарынан бүгінгі күнге келуінен басталады. Жуынып отырған қу Алдар, бетін бір сипаса, басқа жерге, яғни атышулы Шымкент қаласына топ ете түсуінен басталады.  Жаңа ғасырдың есігінен сығалап қарай бастағанынан оның алдынан  келеңсіздіктер шыға бастайды.  Айналасына қарап, аң-таң.  Не болғанын, қайда тап болғанын түсінбейді.  Жан-жағындағы адамдар Алдарға  үрке, мысқылдай қарайды. Осылай есеңгіреп жүргенінде сорына орай ол алаяқтардың қолына түседі.  Өз ғасырында көрмеген сұмдықтарды көріп шошынады.  Алаяқтар алдампаз Алдардың өзін алдап, білезігін ұрлап кетеді. Міне, сол сәттен бастап, қоғамның дамығанын, азғындап, алдап, арбауды  күнелтіс құралына айналдырғанын көріп еңсесі түседі, қайғырады, түсіне алмайды. Бірақ, Алдар Алдар емес пе? Ол мұндай жағдайларға тез үйреніп, айналадағы келеңсіз проблемалармен ашық шайқасқа түседі. Әйелдерге қол жұмсатпай, жас баланы ұры болмауға, өз қолымен еңбек етуге үйретеді. Артқа қайту үшін оның білезігі керек. Енді не істемек? Ұрланған дүниені қайдан таппақ?  Бірақ, Көсе берілмейді. Бұл сәтте оның жанына жанашыр достары көмекке келеді.

Тұсаукесерден кейін, жобаның ұйымдастырушыларымен баспасөз мәслихаты өтті. Мәслихат барысында фильм продюссері : “Көркемфильм жақсылыққа шақырады. Кинотеатрларда күнде Голливудтың фильмдері көрсетіледі.  Ал, қазақ фильмдері өте аз. Тек соңғы жылдары кино өндірісі дами бастады. Қазақстанның киносының алға қадам басуына үлес қосқымыз келді. Туындымыз керемет болмаса да, бастысы идеяны жеткізуге тырысып бақтық. Қазіргі кезде зұлымдық көбейіп барады. Соларды тізбектей көрсете, олардан жиренуге шақырғымыз келді. Фильм қазақ тілінде түсірілді.  Басқа  тілде түсірілген болса жобаның басты идеясы мен психологиясы ашылмай қалар еді. Орыс тіліне арнайы аударылды”- дейді.

Бақсы ролін сомдаушы Әсет Өміртегі фильм жайлы былай дейді: “Түсірілім бір жарым айдан аса уақыт алды. Кинофильмдегі жас актерлер бұрын фильмге түсіп көрмеген. Ал, туындының қалай шыққанын бағалау тек көрермен еншісінде”

Аталған туындыны  көрермендер қараша айының 10-нан бастап, Қазақстан кинотеатрларынан тамашалай алады.  Баға беру сіздерде!

Рысгүл  Матжанқызы

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

ErKahan жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері