//

Алғашқы Президентке Алматыда ескерткіш қойылды

1117 рет қаралды
7

Алматыда қаланың оңтүстік бөлігін алып жатқан Алатау бөктеріндегі Тұңғыш Президент атындағы паркте Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойына орай қоладан құйылып, гранит, мәрмәр тастармен көмкеріліп, безендірілген «Қазақстан» атты монументальды мүсінді ескерткіш композициясы ашылды.

Ескерткіштен құлашын көсілте жайып,  қалықтай көтерілген қыран бейнесін айқын көруге болады. Ортада Тұңғыш Президент бейнесі. Ал қыранның қос қанатына Астана мен Алматы қалаларының нышандары орналасқан. Салтанатты оқиғаға қалың нөпір халықпен бірге Елбасының баласы Дариға Назарбаева мен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов болғанын айту ләзім.

Естеріңізде болар, осыдан бір ай бұрын Президент атына «Қазақстан» атты монумент жасау туралы шығармашылық топ – Қазақстанның қалалық құрылыс одағының президенті Любовь Нысанбаева, Республиканының архитекторлар одағының президенті Ақмырза Рүстембеков, Дизаинерлер одағы басшысы Тимур Сүлейменов, Суретшілер одағы президенті Байтұрсын Өмірбековтерден хат түскен еді. Бүгін міне сол азаматтардың тілегінің қабыл болғанының куәсі болдық. Олар бұл  «Қазақстан» атты монументальды мүсінді ескерткіш композициясын өз қаражаттарымен жасап шыққан көрінеді.

Мінбер-ақпарат
.

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Біздің елде бәрі мүмкін екеніне баяғыдан-ақ көзіміз жеткен. Әйтеу, елдің атын өзгертіп жібермесе болғаны нҰр Қазақ деп

  2. Ескерткіште тұрған ештеңе жоқ, ұнамай жатса еріте салуға болады. Із өшпейді.
    Нұрекең ізі бар адам ғой.

  3. Тасқа табын, қазағым, тасқа табын,
    Тас боп қалған бауыры басқа табын.
    Тірілерің кеткенде тасқа айналып,
    Өлілерің сөйлейді басқаша мұң.

  4. Құйылыпты металдығ қоласынан,
    Қисық кеткен қазақтың жорасынан.
    Бөктерінде бір таудың бір бекет тұр,
    Аумай қалған бақсының моласынан.

  5. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойына басқа да ескерткішті қоюға болар еді.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері