//

Еркін күрестен ел үздіктері анықталды

1961 рет қаралды
2

Қарағандыда бейсенбі күні еркін күрестен Қазақстан Кубогының жүлдегерлері анықталды. Үздік атану жолында күрестің бұл түріндегі еліміздің ең дүлдүл деген палуандар үш күн бойы айқасқа түсті.

Биылғы жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Келер жылы Лондонда Олимипиада ойыдары күтіп тұрғанын еске алар болсақ, жолдама иегерлерін іріктейтін нағыз кезең осы шақ. Ел намысын Англияда қорғау үшін спортшылар бүгіннен бастап тас-түйіндей дайын екендіктерін «жоқ» дегенде ұлттық деңгейде көрсетуі тиіс.

Күрестің еркін түрінен қазақ палуандары Олимпиада ойындарынан құр қол қайтпайтын жақсы әдеті бар. Тек 1996 жылы құрамамыз алғашқы рет жеке команда болып барғанда Атлантадан олжасыз қайтқан. Бейжіңде өткен Олимпиадада еркін күресшілеріміз қоржынға екі медаль қосқан. «Күміс» алқаны Таймұраз Тигиев тақса (96 кг), қола Марид Муталимовке бұйырған (120 кг). Бірақ қазақ тарихында күрестің бұл түрінен «алтын алдым» деп қуантқан бірде бір палуан болмаған. Бәлкім, кеше өткен жарыста бұл дәстүрді бұзатын батырлар алаңсыз дайындық үстінде шығар, лайым солай болғай…

Еркін күрестен Қазақстан Кубогының жеңімпаздары:

55 кг— Руслан Сексенбаев (Жамбыл облысы)

60 кг— Саятбек Окасов (Астана)

66 кг— Ақжүрек Таңатаров (Жамбыл облысы)

74 кг— Нұрлан Бекжанов (Батыс-Қазақстан облысы)

84 кг— Семен Семенов (Шығыс-Қазақстан облысы)

96 кг— Жұмағали Мамутов (Оңтүстік-Қазақстан облысы)

120 кг — Ержан Дүйсенбеков (Оңтүстік-Қазақстан облысы)

Қорыта айтқанда, үздіктер қатарынан ең жиі көрінгендер Оңтүстік-Қазақстан мен Алматы облысының палуандары болды. Астана құрамасы жалпы есептік көрсеткіште үшінші.

ОЛЖАС ОҚАСОВ

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. О! Мінберде спорт айдары қосылыпты өте жақсы болған екен! Пастаянно оқып тұрам егер жаңарып тұрса. Жақсы спорт сайттары аз!

  2. Қазіргі ұлттың бренды осы спорт болып қалды ғой. Жарайды, бұл саланы да ақ қалдырмай, бостықты толдырып отырғандарыңызға рахмет!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар