//

Светлана Подобедова: Жеңістер әлі алда!

1588 рет қаралды
1

Былтырғы жылы Светлана ұтуға болатын нәрсенің бәрін ұтты: екі дүркін әлем чемпионы атанды, ғалам рекордын үш мәрте жаңартты, әйелдер арасында «дүние жүзінің ең үздік зілтеміршісі» мәртебесін иемденді, Қазақстанның үздік спортшысы болды.

Аяқталуға тақаған 2011 жыл Светлана Подобедова үшін айтарлықтай табысты болмады. «Қалайша?» дейсіз ғой. Иә, биыл Света республика деңгейіндегі көптеген жарыстарды жеңді, Азияның үздігі атанды, алайда бойынан чемпион-атлетшіге тән жеңілдік сезілмеді. Париждегі екінші орын соған дәлел болғандай. Бәлкім біреулер үшін әлем біріншілігінде «ең болмағанда 2 орын алу» өмірлік арман шығар. Бірақ, Свата үшін емес.

 

–          Өмірде де спортта да жеңіс пен жеңіліс саған кезек келді, ал өзіңнің ойыңша сенің есімің немен көбірек байланысты: жеңіспен бе әлде жеңіліспен бе?

–          Неге екені белгісіз, бала кезімде мені көбі жақтырмайтын. Мектепте бәрі мазақтайтын. Есімімді емес фамилиямды атайтын. Бірақ, араласқандар таң қалатын: «- түріңе қарағанда бетбақ секілді көрінесің де, ал жақынырақтан танығанда көп-көрім қыз екенің бірден анық болады» деп. Ондай «анау-мынау» сөздерге көп көңіл бөлмейтінмін. Өйткені оның бәрін ойлап, әркімің сөзін көңілге алып отырсаң, басқа маңыздырақ шаруаларға уақытың қалмайды ғой.

 

–          Маңызды шаруаға сенің спорттық карьераң жатады, әрине. Бірақ Парижде неге жолың болмады? Әлемнің үш дүркін чемпионы атануды армандаушы едің,  не кедергі болды?

 

–          Мен тек жеңіске дайындалғам.  Тіпті, ұтылам-ау деген миыма да кіріп шықпапты. Спартакиадада менен біреу сұраған: «әлем додасынжеңіліс тапсаңыз оған не себеп болуы мүмкін?» деп. Сонда айтқам: Тек жарақат. Айға қарағандай айтқан екенмін, дәл келді. 2 ай бұрын бұғанамды сындырып алдым. Біздің спортта ондай жиі орын алап тұрады, бірақ толық жазылу үшін кем дегенде 3 апта дем алып емделу керек еді. Алайда дайындық та қажет дегендей аяғымның ауырғанына қарамастан жаттығудан қалмадым. Бар күшімді сала дайындалып жатсам да, жарақатымды одан да ушықтарып алмайын деген ой іштей тежеген болса керек. Жаттығуларды бар күшіммен істей алмадым. Сондықтан өзімді ауыр сезіндім. Бұрын мен тұғырға шыққанда өз жұмысымды анық білетінмін. Ал биыл сол сезімді бойымнан байқамадым. Бәрін ауыр еңсердім: жаттығу, жарыс.. Биыл сәтсіздіктерден аяқ алып жүргісіз болды. Бірақ Парижде өткен жолғы чемпиондардың бәрі құлады. Мистика ма деп қаласың. Бәлкім, дауыл алдындағы үнсіздік шығар… 

 

–          Талай рет жеңіп жүрген қарсыласыңнан ұтылғаныңа ішің ашыған жоқ па?

 

–          Иә, өкіндім. Әсіресе жарыс біте салысымен сан соқтым. Кейінірек жеңілдедім. Бірақ, есіме қайта түсе бастаса өз-өзімді қианаймын да отырам: Ана жерден қателік кетті ма екен, мына жерде дұрыс жасамадым ба? «Әй, ештеңе істей алмас едім» деп қоям кейде. Қазір аса көп алаңдамауға тырысам. Жеңілдім ба – жеңілдім. Сондықтан бұның аты – спорт емес пе. Надя Естюхина мықтырақ балған шығар. Ол менің сыр бергенімді сезе қойып, мүмкіндігін мүлт жібермеді. Жалпы ресейліктер әрқашан да менен асуға тырысады. Биылғы кейпімді аздап түсінбесе де, діттегендеріне жетті.

 

–          Лондондағы олимиадада жағдайың қиындай түспек. Надежда Евстюхинаға Наталья Заболотная қосылмақышы.

 

–          Меніңше, Заболотная онда бармайтын шығар. Ресейде 4 салмақ дәрежесінде 4 жолдама бар, олар: 63, 69, 75 және 75 кг-нан аса. Әр салмақ дәрежесінде бір адамнан. Сосын, олар жалғыз Евстюхинаның қамын ойлайды. Бұл олардың өздерінің ішкі тай-таласы болса керек. Мұны мен Қазақстанға көшерде сезгем.

 

–          Ол жақтың қыздарымен араласасың ба?

 

–          Әлбетте, Ресейде Таня Матвеева деген жақсы құрбым қалды. Бала кезгі босым екеуміз Зима деген бір қалада туғанбыз. 11 жасымыздан бірге жаттыға бастағанбыз. Таня әлем бірншілігіде69 кгсалмақ дәрежесінде үшінші орынды еншілеген. Ол үшін бұл үлкен жетістік. Өйткені, бұрындары оған үлкен ареналарға жол ашылмайтын-тұғын. Жалпы барлық ресейліктермен қарым-қатынасым жаман емес. Олар менің не үшін кеткенімді жақсы біледі. Сондықтан бұл тақырыпты қозғай бермей іске кіріскен жөн шығар.

 

–          Қызық. Матвеева Парижде кім үшін болды? Сен үшін бе, әлде құрамалас Евстюхина үшін бе?

 

–          Әрине мен үшін. Ресейліктердің көбісі мен үшін жақтасты. Тіпті, чемпионаттан кейін жаныма келіп қателіктерімді достық ізгі ниетпен айтып та кеткендер болды. Сосын қателіктерімді түсінеп, қай бағытта жұмыс істегенім жөн екенін түсіндім. Ең бастысы жарақатқа соқтақпау. Сырқатың жоқ болса жеңіс қиын емес. Сырқаттандың ба, – керісінше.

 

–          Қазақстан бапкері Алексей Ни: «Подобедова Лондонда жеңіске жетеді» деп отыр.

 

–          Мен қарсы емеспін (күледі). Әйтеуір, Евстюхинадан еш кем емес екенімді анық білем. Бірақ соңғы кезде ол қыз ашылып келеді. Еуропа чемпионы, мінекей, мені де «әлемде» жеңді. Жә, оған да көндік. Бір жыл чемпион боп жүре тұрсын.

 

Автор: Трофим Сашко

Аударған: Олжас Оқасов

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Ғабит жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар