//

Тевес «Миланда»?

986 рет қаралды

Кеше, 24 қарашада «Манчестер Сити-дің» атышулы шабуылшысы Карлос Тевестің жеке агенті Киа Джурабчана «Милан» президенті Адриано Галлиани мен  россонеридің спорт директоры Ариедо Брайдоймен кездесу өткізді. Екіжақты келіссөз барысында Тевестің «Миланға» жалдану мәселесі тілге тиек етілді.

 

Италияндық БАҚ өкілдерінің мәлімі бойынша, «Милан» аргентиналық ойыншыны  5 млн. €-ға жалдамақшы. Сонымен қатар, италияндық клуб басшылығы Тевестің бүгінгі таңдағы жалақысын тым жоғары деп есептейтіні жөнінде пікір білдірді. Сондықтан бұл жөніндегі мәселе әлі «Манчестер Сити» басшылығымен біріге де талқыланады. 

 

«Миланның» бұрынғы қорғаушысы Алессандро Костакурта Тевестің көшуіне байланысты өз ойын айтты: «Карлос Тевес Кассаноның орнына тамаша жараса кетер еді. Менің  ұққаным – бұл жігіт қосалқылар орындығында кішкене отырып қалса пәле шығарады екен. Ал мұнда қанша форвард барын ескерер болсақ, өткендегі оқиға «Миланда» да қайталануы әбден ықтимал» – Football Italia. Тевес «Миланда»? Фантастикаға жатқызу қиын. Бәрі мүмкін…

Олжас ОҚАСОВ

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі