//

Талғат Байсуфинов: «Мен “Ертісте” қалам»

1318 рет қаралды
1

Маусым біте салысымен павлодарлық «Ертіс» бапкері Талғат Байсуфиновтың командадан кетуі-кетпеуі  жөнінде біраз әңгіме жүрді. Осы тұста Павлодарлық жалынды жакүйерлерді қуантуға асықпыз: Жергілікті футбол майталмандарынан тәлім алып, Павлодардың абыройын асқақтатқан жас, талантты маман «Ертісте» қалуға ниетті.

Осы және өзгеде мәселелер жөнінде Талғат Байсуфиновтан алынған экспресс-сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

– Талғат Маруанұлы, жұмысыңызды ары қарай да «Ертіспен» жалғастырасыз ба?

–   Жалғастырам. Маған артылған сенім үшін барлығына рахмет айтам, әсіресе Павлодар облысының әкімі Сағынтаев Бақытжан Абдірұлына айтар алғысым шексіз. Ол клуб ұжымына еш өзгеріс енгізбей, ешкімді орнынан алып тастамай бәз қалпында қалтырды. Маусымға дайындығымызды бүгіннен бастап кеттік, кәзір селекциялық іспен айналысып жүрміз.

–   Ол жөнінде нақтырақ айта аласыз ба? «Кім келіп жатыр, кім кетіп жатыр» дегендей…

–  «Нақтылық» әзірше аз. Бір айтарым командада қақпашымыз Давид Лория және басқа да жергілікті футболшылар қалады.

 

–   Жаңа маусымға «Ертістің» дайындық жобасы қалай жүріп жатыр?

– 14-15 желтоқсанда спортсмендеріміздің түгелі медециналық тексеріс өту үшін жиналады. Ал 16-нан бастап қалыпқа келу жаттығуларын өткізуді жоспарлап отырмыз. Футболшыларымызға манеж астында тек футбол емес, одан басқа баскетбол, хоккей  секілді спорт түрлерімен шұғылдандырамыз (буындарды қатайту үшін), сонымен қатар тыныс алуды жақсарту үшін шыңғы тепкіземіз. Ауарайы кедергі келтірмесе бірнеше рет кросс жүгіру де ойда бар. Ал қаңтардың орта шеніне таман оқу-жаттығу жиындарын шет елдерге барып өткізбекпіз.

–  Ол жаққа легионерлерді барады ма?

–   Жоқ, тек өзіміздің жігіттер барады.

– Мәселен, кімдер?

– Өткен маусым ойыншыларымен қоса былтыр 1 лигалық «Астана-1964» клубында өнер көрсеткен павлодарлық түлектер Дмитрий Пархамчук пен Андрей Булановичке өздерін көрсету мүмкіндігі беріледі.

– Ал дубль ойыншыларына ондай мүмкіндік бұйыра ма?

– Алибек Аяганов, Андрей Шетле, Антон Деркач, Аскар Букенов, Салман Чапанов, Артем Волков секілді ойыншылар негізгі құрам ойыншыларымен бірге жаттығады. Чемпионатта жоғары орын алу үшін тәжірибелі, азулы футболшылар ойнау керектігі түсінікті, әрине. Бірақ біз жастарды шет қалтырғымыз келмейді. Оларды да алаңға ақырындап шығара бастаймыз. Негізгі құрам ойыншыларымен бірге ойнау арқылы олардың практикалық тәжірибесі жетіледі.

Олжас ОҚАСОВ

Minber-Sport

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Жарайсың Олжас, бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қазақ спортының, қазақ футболының дамуына дем берейік!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар