////

Википедия өз жұмысын тоқтатуы мүмкін бе?

787 рет қаралды

Бүгін интернетте «Википедия өз жұмысын тоқтатуы мүмкін», «Википедия сайтының жұмысы уақытша тоқтатылады» деген сияқты жаңалықтар көпшіліктің назарын аударып жатыр.

Бұл мәселе АҚШ Конгресінде талқыланатын «Stop Online Piracy Act» (SOPA) заңына байланысты туындап отыр. Интернет-қарақшылыққа қарсы бағытталған бұл заң қабылданатын болса, құзырлы органдар провайдерлерге  ұрланған материалдары бар сайттардың жұмысын тоқтату туралы талап қоя алатын болады. Көптеген интернет-компаниялар, соның ішінде Google, Facebook, Yahoo, Twitter, «Касперский лабораториясы», Mozilla, eBay, LinkedIn, AOL, Zynga және т.б., осы заңның қабылдануына қарсы шығып отыр.

Сондықтан Википедияның негізін қалаушы Джимми Уэльс уақытша сайт беттерін бос қалдыруды жоспарлап отыр. Осы орайда ол жақсы мысал ретінде италиандық «Википедияның» осы жылдың 6 қазанында қарсылық шарасы ретінде өз жұмысын тоқтатқанын алға тартып отыр.   Осы шара арқылы олар Италияда қабылданануға ұсынылған заңға өзгерістер енгізуге әсер ете алған.

«Stop Online Piracy Act» (SOPA) заңы АҚШ Конгресінде  15 желтоқсанда қарастырылады.

(Интернет материалдары негізінде дайындаған  Бақытгүл Салыхова)

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері