Қаңтар айының басында Қытайдағы қазақ студенттер арасында ақындар айтысы болып өтті. Айтысқа қатысқан 32 ақыннан сараланып шыққан 13 айтыскер үш номинация бойынша марапатталды. Бас жүлдені Анар Бәделханқызы атты қарындасымыз жеңіп алған. Бұл жолғы ақындар айтысын ҚХР Іле Педагогикалық Институтының айтысты оқыту мен зерттеу орталығы ұйымдастырып отыр. Аталған дүбірлі шараның өткізілуіне айтыстың «Дүниежүзілік бекзаттық мәдени мұралардың өкілдік туындысы» қатарына жолдама алуы мен ЮНЕСКОның айтысты қорғауға атсалысуы себепші болып отыр. Айта кетерлік тағы бір жайт, студент ақындар айтысының үшінші рет өткізіліп отырғандығы. Әділқазылар мен сыншылардың пікірінше аталған айтыс сөз тапқыштығы, шешендігі, айтыс түрлерінің сахнаға көтерілуі жағынан Шынжаң қазақ тарихындағы өте үлкен құбылыс ретінде бағаланып отыр. Айтыс көкжиегінің кеңеюіне өзіндік үлес қосқан аталған зерттеу-оқыту орталығы айтыс жөніндегі зерттеу мақалалардың қытай және ағылшын тіліндегі топтамасын жарыққа шығарғандығы болды.
Қытайда студент ақындар айтысы өтті
Соңғы жазбалар
9 Мамыр Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында Алматыда Қазақстан Туымен қатар, Советтер одағының туын жалаулатып бара жатқан
“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы
Бірнеше күн бұрын анам түсіме кірді. Екеуміз бірге бір жаққа ұшқалы жатыр екенбіз. Мен ол түсті
Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,
Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі жақын мемлекеттерден көшіп келген қандастар. «Мұнда тұрып жатқандарына 20 жылдан асқан. Көшіп
2024 жылдың 3 сәуірінде Тайваньда соңғы 25 жыл ішіндегі ең жойқын жер сілкінісі болды. Рихтер шкаласы
Оңтүстік астанамызды мекендейтін сан мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-Анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі
Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы Арал теңізінің үздіксіз таяздануы, «Байқоңыр» зымыран – ғарыш кешенін пайдалану, уран–кен өндіру
Осыдан 6 күн бұрын ProTenge.kz негізін қалаушысы Джамиля Маричева өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті
Масс-медиа туралы заң жобасының Мәжілісте құрылған жұмыс тобының құрамында тоғыз айға жуық жұмыс істедік. Тәуелсіз сарапшылармен
Қытайдағы бауырлар жарайды. Айтыс мұрасын шын өнер ретінде сақтап отыр.
Жоғалудың аз-ақ алдында тұрған дістүрімізді жаңғыртуға үлес қосу әркімнің парызы екенін есте ұстағандарыңыз үшін РАХМЕТ!!!
Мырзатай Жолдасбеков сынды ағаларымыз тұрғанда, айтыс өнеріне бұғау салынбайды!
Қытайдағы бауырлар жарайды. Айтыс өнеріне қосқан үлестеріңңе көп-көп РАХМЕТ!!!