Қаңтар айының басында Қытайдағы қазақ студенттер арасында ақындар айтысы болып өтті. Айтысқа қатысқан 32 ақыннан сараланып шыққан 13 айтыскер үш номинация бойынша марапатталды. Бас жүлдені Анар Бәделханқызы атты қарындасымыз жеңіп алған. Бұл жолғы ақындар айтысын ҚХР Іле Педагогикалық Институтының айтысты оқыту мен зерттеу орталығы ұйымдастырып отыр. Аталған дүбірлі шараның өткізілуіне айтыстың «Дүниежүзілік бекзаттық мәдени мұралардың өкілдік туындысы» қатарына жолдама алуы мен ЮНЕСКОның айтысты қорғауға атсалысуы себепші болып отыр. Айта кетерлік тағы бір жайт, студент ақындар айтысының үшінші рет өткізіліп отырғандығы. Әділқазылар мен сыншылардың пікірінше аталған айтыс сөз тапқыштығы, шешендігі, айтыс түрлерінің сахнаға көтерілуі жағынан Шынжаң қазақ тарихындағы өте үлкен құбылыс ретінде бағаланып отыр. Айтыс көкжиегінің кеңеюіне өзіндік үлес қосқан аталған зерттеу-оқыту орталығы айтыс жөніндегі зерттеу мақалалардың қытай және ағылшын тіліндегі топтамасын жарыққа шығарғандығы болды.
Қытайда студент ақындар айтысы өтті

Соңғы жазбалар
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов пен
Ел экономикасының доноры әрі 2,5 миллион астам тұрғыны бар Алматы түтінге тұншығып тұр. «Қазгидромет» 2025 жылы
Биыл Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмады.Комиссия мүшелері ортақ шешімге келе алмаған.
«ҚазМұнайГаз» тобына кіретін «Oil Services Company» ЖШС Маңғыстау облысындағы кен орындарына жүргізушісімен бірге жеңіл көлік жалдау
Филиппин аралдарының астанасы Манила қаласында Қарашаның 5-7 күндері Азияның Медиа ақпарат және коммуникация орталығының ұйымдастыруымен (Asian
Құрылтай жанындағы Қоғамдық палата туралы ереже Құрылтайдың ресми сайтында жарияланды. Құжатқа сәйкес, журналистер палата отырыстарына өз
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатында қатарынан үшінші рет топ жарды. Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында
Фото: ҚР ҰОК Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз 95
Қазақстанда 2027 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақының 14 түрін тағайындау тәртібі өзгереді. Мемлекет отбасының материалдық жағдайын ескеріп,
Minber-Academy апта бойы журналистердің құқығына қатысты болған негізгі оқиғаларды шолуды жалғастырады. Бұл шолу 29 қазан –
Қытайдағы бауырлар жарайды. Айтыс мұрасын шын өнер ретінде сақтап отыр.
Жоғалудың аз-ақ алдында тұрған дістүрімізді жаңғыртуға үлес қосу әркімнің парызы екенін есте ұстағандарыңыз үшін РАХМЕТ!!!
Мырзатай Жолдасбеков сынды ағаларымыз тұрғанда, айтыс өнеріне бұғау салынбайды!
Қытайдағы бауырлар жарайды. Айтыс өнеріне қосқан үлестеріңңе көп-көп РАХМЕТ!!!