//

Хабарландыру! «Мінбердің» кезекті семинары

1412 рет қаралды
11

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы қазақ тіліндегі жаңа медианы дамыту мақсатындағы дәстүрлі семинар-тренингтерін биыл аймақтарда өткізуді жоспарлап отыр. Биылғы семинар-тренингке ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігі қолдау көрсетті. Семинар-тренинг Шымкент, Өскемен және Петропавл қалаларында өткізілмек.
Алғашқы семинар Шымкент қаласында сәуірдің 20-21-іне өткізілмек.
Шымкент қаласындағы басқосуға еліміздің оңтүстік өңірінен үміткерлер өтініш білдіре алады. Ол – Қызылорда, Тараз, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысының журналистерін қамтиды. Қойылар талап www.minber.kz  сайтында арнайы жарияланған сауалнаманы толтыру және «Жаңа медиа және қазақ баспасөзі» тақырыбында ой-толғау жазып, minbermedia@gmail.com, yesengul@gmail.com электронды пошталарына жолдау. Шымкент қаласындағы семинар тренингке өтініш білдірушілер сәуір айының онына дейін өтініш жасай алады.
Петропавл қаласына баруды мақсат етушілер мамыр айының басына дейін, Өскемен қаласындағы семинарға қатысуға ниеттілер мамыр айының соңына дейін өтініш жолдай алады. Петропавл қаласына еліміздің Солтүстік облыстарынан – Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай және Петропавл қаласының журналистері қатысады.  Өскемен қаласына Семей, Павлодар және Шығыс Қазақстан облысынан журналистер шақырылады. Әрбір семинарға қатысушылар саны шектеулі – 15 адамнан. Сол себепті де жазылуға асығыңыздар.

Minber-ақпарат.

Парақшамызға жазылыңыз

11 Comments

  1. Семинарды Алматыда өткізу жоспарда  бар ма? Болса, қашан өтеді екен???

    • Салеметсіз, негізі Атырауда өткізу көзделуде. Оған демеуші іздестіріліп жатыр.

  2. Сауалнаманы осында жариялайсыздар ма?  күтеміз…)))

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар