//

Шетел қазағының Қазақстанға жанын бергенінен кімнің хабары бар?

1047 рет қаралды
14

Доцент, жаратылыс ғылымдарынын докторы Хақан Одұнжы Ұлы Британияда медициналық электроника саласында маман ғалым еді. Кардиф университетінде жұмыс істейтін (Ол туралы қараңыз http://mespru.research.glam.ac.uk/staff/hoduncu/)

Елім деп, Қазақстаным деп Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақ теxникалық ғылымын үлкен белеске шығару барысында ашқан Назарбаев университетіне үлес қосу үшін жұмыс істеп жүргенде сәуір айынын 21-і күні 44 жаста кенет дүние салды.

Бұл ер азамат үшін, патриот үшін, елін сүйген ғалым үшін үлкен мәртебе. Ислам діні ғалымның сиясы, шәйіттің қанынан да қасиетті дейді. Хақан әрі ғалым, әрі отаны үшін жанын пида қылған шәйіт.

22 сәуір күні Ыстанбұлда тұратын атасы Ғани Одұнжының үйіне барып көңіл айттым. Құрметті ата, өте байыпты, салмақты да салқын қанды. Құдайдың жазғаны, тағдыр солай екен деп белді бекем буып отыр.

Бірақ өкінішке орай, шетел қазақтарының мұңын мұңдап, қайғысын жеңілдетеді деген дүниежүзі Қазақтары қауымдастығы үнсіз отыр. Қауымдастық хатшысы Ботакөз Уатқан Еуропа қазақтарының интернет торабына көңіл айтыпты.

Түркия қазақтары да бұл жайға аң-таң қалуда.

Шетел қазағы Қазақстанға не береді деген сұрақ жиі қойылып жатады.

Міне шетел қазағы отанына жанын беріп отыр. Бұдан артық несін берсін? Мұны көріп біліп отырған кім бар? Бұл жерде Қазақстан халқын кінәлап отырған жоқпыз. Өйткені бұл жәйт баспасөз құралдарында айтылмаса, көпшілікке естіртілмесе, халық қайдан біледі.

Біздің анықтағымыз келетіні:

Бұл жағдайды қауымдастық ақпарат құралдарына жеткізді ме?

Хақаннын жаназасы туған елінде шығарылуына жұмыс істеп отыр ма?

Тіпті ата-анасына телефон соғып, “перзентің туған елі үшін жанын берді, тіпті Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көп үміт артып құрған бірегей университетімізде жұмыс істеген кезінде дүние салды. Алла алдынан жарылқасын. Мұндай перзент туғызып, оқытып елге жібергеңіз үшін сізді құттықтаймыз және алғыс айтамыз. Қауымдастық төрағасы Президент Нұрсұлтан Назарбаев атынан, бүкіл Қазақстан халқы атынан көңіл айтып қайғыларыңызға ортақтасамыз” деп айтты ма?

Шетел қазағы атамекені Қазақстанға не береді? деп қайта қайта сұралады. Не береді, қолынан келгенін бәрін беруге дайын, беріп те жатыр.

Ең оқымысты, ең жеткен азаматтарының бірі болған Хақан Одұнжы 2012 жылы 21 сәуір күні Астанада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы университетте электроника саласында сабақ беріп жүргенде дүние салды.

Егер шетел қазақтарының атамекені үшін істеген жұмыстары Қазақстанда айтылмаса, халыққа жеткізілмесе әлі біз талай жылдар “шетел қазақтары Қазақстанға не береді? Алам деп келмеңер, берем деп келіңдер” деп айтып жүретін боламыз. Жиырма жылдан асқан Қазақстан тәуелсіздігін сақтау, елімізді гүлдендіріп әлемнің алдынғы қатарлы елдер санатына қосып, атамекендегісімен, шетелдегісімен бүкіл қазақтың парызы. Сол үшін шетел қазақтары мен атамекен қазақтары арасындағы туысқандық, отандастық байланыстар жоғары деңгейде болуы керек. Қазақстанда шетел қазақтары туралы жаңсақ пікірлер болмауы керек. Сол сияқты, шетелдегі қазақтар арасында да атамекен туралы жаңсақ пікірлер, атап айтқанда, Қазақстан шетел қазақтарын керексінбейді, менсінбейді деген қате пікірлер болмауы керек.

Аса қайғылымыз. Арысым Хақан Одұнжының әлі Қазақстанына да, Еуропа қазақтарына да берері көп еді. Мезгілсіз, жас кезінде, кенет дүние салғанына қабырғамыз қайысып отыр.

Аяулы баурым Хақан Одұнжы, Алла алдынан жарылқасын арысым. Барған жерің Жаннат, топырағың болсын. Сенің қадіріңді қазақ халқы білетін болады. Елің саған риза, сенің аруағың да еліңе риза болсын.

Абдуақап Қара, Ыстамбул.

Парақшамызға жазылыңыз

14 Comments

  1. Марқұмның жаны жаннатта болсын! Жүрегім қатты сыздап отырғаны. Баяғыда осындай көңілмен клеген Мұстафа Өзтүрік те қыршынынан қиылған еді…

  2. мына, Анадолының Әбдуақап Қарасы қауымдастыққа тым ашулы екен. Шейт болғандарды, кенет қайтыс болғандарды санасақ доцент түгіл докторлар да табылады. Қайсысының қауымдастық артынан еріп, ізіне түсіп жүреді? Қауымдастық ондай іспен айналысуға құқылы ма? Қазаны тектеу басқа органдардың ісі емес пе?

    • Сіз негізгі мәселені көрмей отырсыз. Мәселе өлген адамдарды тексеру емес. Мәселе шетел қазақтарының Қазақстанға деген махабаттың, отансүйгіштігін, сол үшін атқарған жұмсытарын, сол үшін жан беріп жатқнадарын бүкіл Қазақстан қоғамына хабарлап көрсетуде. Қауымдастық мұны істеп отыр ма? Сонда ғана шетел қазақтары жөніндегі жаңсақ көзқарастар жойылады. Шетелдегі 5 миллион қазақтың қолдауын алған жағдайда Қазақстанның тәуелсіздігі баянды болмақ және тез әлемнің озық елдері арасына қосылмақ.
      Сонсоң мен Талғат Мамашев ағамның жеке басын силаймын. Өте ақ көңіл. Жақсы адам. Мені де силайтыын білемін. Мен де оны силаймын. Бірақ мәселе біздің жеке байланыстарымызда емес. Мәселе дияспора қазақтарының атамекенмен байланыстарын күшейтуде болып отыр. Қалдарбек Найманбаев қайтыс болғалы бері қауымдастықтың шетел қазақтары арасында беделі түскендігі байқалып отыр.
      Негізінде Қауымдастық 2-төрағалығы Талғат ағамыз сынды министрлік қызметін атқарған ағамызға келмейтін сыяқты. Өйткені жоғары лауазымды жұмыста болып сый-сыяпатқа үйренген мемлекет қайраткерлері айналасынан үнемі құрмет пен сый таралғы күтетін болады. Ал қауымдастық ондай орын емес. Сондықтан менім ойымша, қауымдастық төрағалығына қарапайым, әсіресе дияспора мәселесін білетін, тіпті Қазақстан азаматы болған шетел қазақтары арасынан біреудің болғаны дұрыс секілді. Өйткені мұндай адам дияспора үшін жан тәнімен жұмыс істейтіні хақ. Өйткені бұл ауыр жұмыс.

      • Әбділбақап мырза, Хақан марқұмның қазасын қауымдастықтың қызметімен байланыстырғандығыңыз көңілге қонбайды. Ол басқа жерде, басқа салада айтылатын мәселе емес пе? Ап шет қазақтарының, оның ішінде көрнекті туған отаны үшін қызмет жасап, еңбектеніп жүргендерінің Қазақстанда насихатталу жаман деп айта алмаймын. Біз елден тыс жерлерде тұратын, жүрегі қазақ деп соғатын, бірақ отанына орала алмай жүрген көптеген азаматтарды білеміз. Хақан марқұмның жаны жаннатта болсын! Қауымдастық қызметі сізге ұнамаса, онда оны жеке арнай мәселе қылып көтерген жөн.

  3. Марқұмның топырағы торқа болсын! Бұл қазақтардан иман мен нысап кеткелі қай заман! Мамашев баяғыда ұрмады ма оралмады, енді одан не қайыр күтуге болсын…

    • Назарбаев Университетінің студенттері мен қызметкерлері Инженерия мектебі профессоры Хакан Одинчу/Хақан Одұнжыдан көз жұмғанына қайғы-қасіретке ортақтасып отыр. Хакан Одинчу өмірге құштар болған, белсенді өмір сүрген, адал азамат ретінде біздің есімізде мәңгі қалады.
      Хакан Одинчу/Хақан Одұнжы осы жазда отбасын Қазақстанға әкеліп, еліміздің кең жерлерін көрсетуді армандаған болатын. Осы өткен Наурыз мерекесінде көңілденіп, қара жорға биін билеп ұсынған болатын.
      Оның Назарбаев Университетінің дамуына, сондай-ақ Түркия мен Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасының бірігуіне қосқан үлесі туралы ешқашан ұмытпаймыз. Бүгін университетте Көңіл айту кітабына көңіл айту сөздері мен ниет тілектері жазылып жатыр, бұл кітап профессордың отбасына беріледі. Университет атриумында қаралы тақта орнатылған. Сонымен қоса, еліміздің салт-дәстүрі бойынша, отбасына көмектесу мақсатымен әріптестері қаржы жинады.

  4. Omirinin en jemisti shaginda mezgilsiz qaytis bolgan ğalim bavrimiz Dr. Hakan Oduncuni, Alla-tagala aldinan jarilqap iyman bayligi men shäyit märbetesin bersin…… Amiyn.

    Iya, Qazaq diyasporasi, qara shaniraq- Qazaqstanga budan artiq nesin bersin. Bul, atameken-Qazaqstan men shetel qazaqtari arasindagi baylanistardi edavir kuseytip damıtuv, nemese “ne berdin, ne alasinnin” kebinin kiyip jureberuv ushin ulken bir sin. Sin bolganda qanday sin: “tar jol taygay keshuv” tärizdi.
    Alihan Canaltay/Aлйxaн Жaнaлтaй

  5. Назарбаев университеті баспасөз қызметіне үлкен алғыс. Міне адамгершілік, міне мәдениеттілік. Бізге жақсы мәліметтер бердіңіз. Рахмет сіздерге.

  6. Онсызда саны аз қазақ едік, осындай парасатты жандардың өмірден кетуі өкінішті. Бауырымыздың жайы жаннатта, жаны рахатта болғай! Артында қалған отбасына, тума туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

  7. Жаны жәннатта , иманы жолдас болсын. Артында қалған отбасына, тума туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Хакан нағыз азамат еді. 2002-ші жылғы Түркістандағы құрылтайда бірге жүрген кездеріміз ешқашан естен кетпейді. Abdulvahap аға сізге және Түркия мен Ұлы Британиядағы қазақтарға да көңіл айтамыз.

  8. Айгуль Жилкибаева, Гаухар Ораз, Динара Валеева says:

    Одунчы Хаканның жанұясына шын жүрегімнен қайыр болсын жеткіземін. Осындай азаматтан айырылу біздің барлығымыз үшін де орны толмас қайғы болды. Одунчыны жаны таза, ардықты да салиқалы азамат ретіде жадымызда мәңгі сақтаймыз. Жатқан жері жарық, топырағы торқа болғай!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі