//

Шымкентте “Мінбердің” кезекті семинары басталды

1337 рет қаралды
26

Бүгін, яғни сәуірдің 20-ы күні Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Инновациялық технологияларды ендіру және ақпараттық сараптама орталығында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының қолдауымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Жаңа медиа технологиялары қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу” тақырыбында екі күндік семинар-тренинг басталды. Семинар-тренингке Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда және Тараз қалаларынан 20 журналист қатысуда. Алдағы уақытта семинардың алғашқы сәттерінен, тренинг барысынан фото және бейне баянды назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Суретті түсірген: Асқар Сәрсенұлы (Семинар-тренингке қатысушы)

“Мінбер – Ақпарат”

Join the Forum discussion on this post

Парақшамызға жазылыңыз

26 Comments

  1. Семинарга мен де катысып отырмын! Окылып жаткан лекциялар тусиникти ари кызыты!!!!

  2. Жас журналистер жаңа медиа саласына назар аударуы өте жақсы. Белсенді. Аймақтық журналистердің аталған сала бойынша сұрақтары да жеткілікті. 🙂 Сіздерге сәттілік!

  3. Сіздер қатты еңбектеніп жатырсыздар. Еңбектеріңіз Алланың назарында болғай!

  4. Блогер ретінде журналисттермен бірге отыру қызық екен. Акымак коммент деп ойлап қалмаңыздар, тапсырма солай!)))

  5. Курметти “Минбер” журналистерді қолдау қорының ұжымы! Сіздердің жұмыстарыныңға сәттілік тілеймін.

  6. Жас журналистердің бүгінгі бет бейнесі өте жақсы. Қазақ тілді интернет журналистердің болашағынан үлкен үміт күтуге болады…

  7. Былтыр осы семинарға келіп қатысқан болатынмын. Алдағы уақытта да қатысқым келедіөйткені бұл семинардан жақсы әсер алып қайтам. Болашақ блоггерлерден тартымды жазбалар күтеміз. Осындай семинарлар жиі болып тұрса екен.

  8. “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған семинар-тренингі өте жоғары деңгейде өтті. Қазақтілді журналистика мен қазақтілді интернеттің бүгіні мен келешегіне алаңдайтын жастар қауымы қатысып, өздерінің пікірлерін, ал ұйымдастырушы Есенгүл апай мен Бақытгүл апайлар да керемет кеңестер мен ақпараттар жеткізді… Әрбір қатысушы жеке блогтарын ашты. Меніңше, мұндай семинарлар жастарға жақсы ақпарат берді деп ойлаймын…

  9. Мен бұл семинар-тренингтің қатысушысымын. Шынында жаңа медианың мүмкіндіктері көп екеніне көзіміз жетті. Тек онымен жұмыс жасауды меңгеру үшін барлық жастар бірдей серпіліс танытса. Ал, семинарды үйымдастырушылар жұмысына толағай табыстар мен сәттіліктер тілеймін!

  10. “Мінбер” Журналистерді қолдау Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан семинардың қатысушысы болып отырғаныма өте қуаныштымын. Жаңа медианың қыр-сырына қанығып, технологияның мүмкіншіліктерін үйреніп жатырмыз. Бұл қоғамдағы 4-ші билік өкілдері журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға көрсетіліп отырған үлкен көмек болуда.

  11. Семинар мен үшін қызықты әрі әсерлі өтуде. Уақыттың қалай өтіп жатқанын да аңғармай қалдым. Жастар Жаңа медианы меңгеріп, жеке блогтарын ашты. Меніңше қатысушылардың қызығушылықтары жоғары.

  12. Бираз нарсе уйренип калдык, куаныштымын. Асиресе, блог ашуды коптен армандап едим. Сондай-ак, жана достар тауып, елдин тупкир-тупкиринен келген журналист, блоггерлермен танысудамыз. Есенгул, Бакыткул, Раушан апайларга рахмет!

  13. Қазақтілді БАҚ-тың тәжірибесіне жаңа технологиялық тәсілдерді енгізу заман көшіне ілесуге бірден бір мүмкіндік берері хақ. Бүгінгі өткізіліп отырған шараның бұл ретте айрықша маңызға ие екендігін айтып өтсек артықтық етпес. Медиатехнологиялық кеңістікте қазақтілді ақпарат құралдарының алдағы уақытта жетістікке жетеріне сенімдімін.

  14. Бүгінгі семинардың жас журналистер мен блогерлерге пайдалы дүниесі көп деп ойлаймын. Еңбектеріңіздің жемісті нәтижесін көре беріңіздер!!! Сәттілік!! қатысып отырғаныма өте қуаныштымын!!!

  15. “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырып отырған семинар-тренинг жоғары деңгейде өтіп жатыр. Алдағы уақытта осындай семинарлар болып тұрса, жас журналисттердің ақпарат кеңістігін кеңейтеді.
    Сіздерге сәттілік тілеймін!!!

  16. Жаңалықты үйренуден жалықпайтын журналистерге іс берекелі болсын деймін. Қазақтілді БАҚ-ты өркендетуде қосар үлестерініз көп болсын.

  17. Сәтті өтіп жатыр, кajzur.kz дің пиары жақсы жасалуда, өз қағанатына жаңа блогтар тіркелді, алда қалай болатыны өздеріне ғана мәлім, жақсы бологер болу үшін сынға шыдай біру керек. ол үшін әуелі керекинфоның дуэл алаңында қатаң “жазалау” дан өту керек. ең бастысы осы…

  18. Бүгінгі өтіп жатқан семинар-тренингте “Интернет журналист және оның кәсіби құралдары” тақырыбы бойынша оқыған дәрісінен көп мағлұматтар алып отырғанымды айтқым келеді.

  19. Мені қазақ тіліндегі “Мінбер” ақпараттық порталдың болғаны қуантады. “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының бүгінгі семинары үлкен дайындықпен және ізденіспен өтікізіліп отыр. Сіздерге алдағы уақытта шығармашылық табыс тілеймін.

  20. анау алакөйлектегі жігітті танимын! кашан ордабасыға жетіп үлгеріп жүрсің!

    • Сен ұйықтап жатқанда мен жол жүріп бара жатқан ем. 😀

  21. Саламатсыздар ма? Не үйрендіңіздер, бізбен де бөлісе отырыңыздаршы.

  22. Мінберге мың алғыс. Өткен жылы менде мінбердің осындай Алматыда өткен семинарына қатысқан едім. Пайдалаңы кеңестері көп. Қазақ қауымы үшін жасап жатқан еңбектері жана берсін мінберліктердің.

  23. Семинарға менде қатыстым. Осы семинар жаңа медианың көптеген қырларын көрсетті, үйретті. Әсерлі болды. Қатысып жеке блогымды аштым . Қуаныштымын

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі