/

Қазақстанға қытай қаупі төніп тұр

1172 рет қаралды
9

Қазақстанға үш жүз мың Қытай азаматы кірді

Ақпарат құралдары Қазақстанға үш жүз мың Қытай азаматы кірді, елдің ең стратегиялы маңызды салалары Қытай компанияларының қолына көшіп барады деп, дабыл қаққанымен, Қытай әлемі әлі де жұмбақ қалпында. Жыл сайын мыңдаған ханзу азаматының қазақ жеріне не мақсатпен ағылып жатқаны түсініксіз. Олар біздің елде қандай тағам жейді, қандай музыка тыңдайды? Қазаққа үйлену ойларында бар ма? Қытай әлемінің ішкі құпияларының пернелерін басып көрген Жәния Өсерқұл олардан “Қазақстанда қалғымыз келеді” деген жауап алып қайтты.

Қазақстанда оқитын қытайлық студенттер мен қызметкерлер өз елінің ащы-тұщы тамағын үнемі сағынып тұрады. Сол себепті 5 мың жыл тарихы бар ымырасыз бәсеке нәтижесінде туындаған миллиондаған тамақ түрін еліміздің әр өңірінде ашылған ханзу мейрамханаларындағы бесаспап аспаздар жүздеген дәмдегіштерді қосып дайындайды.
ХУ ШИ БО, “АЛТЫН АЙДАҺАР” МЕЙРАМХАНАСЫНЫҢ БАС АСПАЗЫ:
-Қонақтарымыздың сұранысына ең көп бөленетін атақты Пекин үйрегі. Сонымен қатар, қуырылған, әлде буға піскен немесе Xinjiang ұйғыр тамақтарын қалайсыз ба, кез келгенін әзірлейміз. Бізде ханзулар тойлар мен банкеттерін де көп өткізеді.
Ал, бүкіл шығыс елдері жастарының ең сүйіп баратын жерлері Караоке клубтары. Қытайлықтар оң қолында микрофон, сол қолында бір шөлмек сыра алып, махаббат әндерін шырқағанда көздері мүлде жұмылып кетеді. Ал, көгілдір экранда – қиыннан қиысқан иероглифтер.
Қазақстанға қытай студенттерінің ағылып келуінің негізгі себебі, шекаралас көрші жатқандығымыз. Көбіне ауқатты саудагерлердің отбасынан шыққан жастардың басты мақсаты – қазақша емес, орысша үйрену. Оқуға түскелі бері ешкіммен сөзге келіп, араздасқан емеспін, ешкім жағамнан ұстап көрмеген дейді магистрант Сие Син Джие. Оның айтуынша, Қазақстанда орыс тілін үйрену арқылы, бүкіл ТМД елдеріне, оның ішінде мұнайға бай Қазақстанға жол ашылады. Оның бар ойы Қазақстанда қалып, екі ел арасында баға жетпес делдал болу.
СИЕ СИНЬ ДЖИЕ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТЫ:
-Егер мүмкіндік болса, әрине Қазақстанда қалып, халықаралық деңгейдегі білікті маман ретінде көп ақша тапқым келеді. Біз мұсылман әлемінде өмір сүріп үйренгенбіз.
Онымен қоса 1,5 миллиард халқы бар қытай елінде де оқуға түсу қиямет қайым. Бейда, Цинхуа сияқты атақты университеттерінде бір орынға 100 мың талапкер келеді. Сондықтан шетелге шыққан қытай қыз-жігіттері өз елінде оқуға түсе алмай қалып, білім іздеп кеткендер. Ал, 4 жылдан бері оқып жүрген Ли Уэн мен Джау Пань Пань мұнда келгендеріне еш өкінбейді. Олар қаламыздың жасыл желек көшелеріне, асқар Алатауға бір көргеннен ғашық болғандарын айтады.
ЛИ УЭНЬ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 2-КУРС СТУДЕНТІ:
-Мені Қазақстанның өмір салты, оның ішінде табиғаттың сұлулығы қызықтырады. Ал, Алматы сияқты халық саны аз қалада бейқам өмір сүруге болады.

ДЖАУ ПАНЬ ПАНЬ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 4-КУРС СТУДЕНТІ:
-Әке-шешем тек қана ханзуға үйленуіме ғана рұқсат береді. Ал, Қазақстанда қалуыма олар қарсы емес. Біз Алматылық студенттер үнемі топтасып, бірге жүреміз. Қазақстанға келген әрбір студент қытайда жұмыссыз қалудың қандай қасірет екенін түсінген. Сондықтан түн-күн демей, тер төгіп оқуының басты себебі осы. Ал, Қазақстанда Қытай инвестициясы күннен күнге Батыс компанияларын мұнай-газ саласынан ығыстырып бара жатыр. Еліміз де соңғы жылдары Қытай елінен миллиардтаған доллар қарыз алуда. Сондықтан, қазіргі Қытай жастары Қазақстанда өздерін жарқын болашақ күтіп тұрғандарына сенімді.
Жания Өсерқұл, Думан Сулейменов.

Дереккөз: 31.kz

Парақшамызға жазылыңыз

9 Comments

  1. онбес миллион қазақты бір жарым миллиард қытай кісі құрлы көріп отырған жоқ. Көшіп келген оралман қазаққа үй салатын он сот жерін қимайтын біздің шенеуніктер қытай келсе алдына құрша жорғалап, мыңдаған гегтар жерді бере салады…

  2. Жығылған қазақ рухының үстіне мынау бір жұдырық болып тиетін болды ғой.

  3. «Табығаш халқының тәтті сөздері мен жылтырақ бұйымдарына алданып, Түркі халқы табығаштарға бойсұнды. Көршілес бектіктер жауласқандадығынан, іні мен аға дауласқандығынан, Түркі хелқы елдігін жойды. Батыр ұлдары құл болды, пәк қыздары күң болды» .
    Күлтегін батыр (734-жыл)

    Осыны еске алыңдар қазақтар. Өз тарихтарыңды екінші рет қайталағалы отырсыңдар.

  4. “Аш халықты тойдырған, жалағаш халықты тонды қылдырған” Күлтегіндей оғлан керек болып тұр қазаққа.. болса шықсын ортаға, енді қамданбасақ қапыда қаламыз…

  5. Қытай жазуын қиыннан қиыстырған деп айту қате. Біздің әріптеріміз де оларға сондай болып көрінуі мүмкін ғой.

  6. Біз ханьзу дегендерді білмейміз, шығысымызда қытай деген бір ел барын білеміз. біздің шенеуіктер боққа қызықпай осы қытайлардың тұрақтап тұрып қалуына тиым салған абзал. бұлар жылым судай тез жайылатын жұрт. абай бол алаш!!!!

  7. көп асқанға бір тосқан баурлар қытай деп қорқа бермеиақ қоиыңдар ең бірінші өзімізге ауыз бірлік керек қытаиыңада бір зауал келсе қоңыз теріп кетер көзі ашылып жатқанда жақындағой олардыңда

  8. Алға қазақтар! Біріңді қазақ біріңді дос санамасаң істің бәрі бос-,дейді абай қазаққа. Біз бір – бірімізді дос санамайынша ешқашан ел бола алмаймыз түбінде қытайға жем боламыз. Қазір қытай қазақстанды болашақта қытайдың жеріне қосу туралы құпия бұйрық шығыпты. Ол үшін қазақстанға қарызға ақша беру/оның 10 млярдын алып қойдық/, және бойдақ қытайларды қазақстанға жіберіп үйленіп бала табуына көмектесу,және қазақ қыздарын аздыру ол үшін құпия түрде адам саудасын жүргізу /яғни қыздарды ұрлап жезөкшелікке итермелеу оған көп түрде ақша төлеп отыр қытай/ ,одан қазақстанның кеденде істейтін адамдарына мол мөлшерде ақша ұсынып жемқорлықты күшейтіп,ушықтыру,және сапасыз тауарды қазақстанға көптеп кіргізу сол тауарлармен қазақстан халқының денсаулығын нашарлату деген сияқты саясат білінбей қазақстанда жүріліп жатыр.Бұны қытайлар құпия түрде істеуде, сақ болыңдар қазақтар!-деп
    Монғолия қазағынан,
    ал мұны қайдан білді десеңіздер,
    мұндай саясатты қытайлар Монғолияда да жүргізіп жатқанда ұсталды.Ал Олар қазақстанда бұл саясатты жүргізуді бастағалы 3 жыл болған көрінеді.
    Мен өзім Монғолияның Ішкі істер министрлігінде істейтін жалғыз қазақ азаматымын.Өзімді таныстыра алмаймын бұл ісім үшін басым кетуі мүмкін.Мен ұлтжанды азаматпын бұны айту міндетім.
    Мен өзім соңғы кездері қазақтың болашағы алаңдата бастады біз жойылып кетуіміз мүмкін қытай келсе.

Бірбала жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері