///

Елімізде 76 мың бала мектеп-интернаттар мен балалар үйінде

2654 рет қаралды

Елімізде 76 мыңнан астам бала мектеп-интернаттар мен балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.

Бүгін 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Парламент Мәжілісінде «Заңнама және тәжірибедегі қазақстандық балаларды жан-жақты қорғау жолында» атты тақырыпта өтіп жатқан халықаралық конференция барысында депутат Дариға Назарбаева осылай мәлімдеді.

«Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі балаларды қоса алғанда 12 мыңнан астам бала интернат типіндегі мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленіп жатыр. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш ТМД шеңберіндегі жан басына шаққандағы аса жоғары көрсеткіш болып табылады»,-деді Д. Назарбаева.

Оның айтуынша, аталған балалардың тек 4,1 ғана жетімдер. Ал, басым бөлігі тұл жетім емес, әкесі не шешесі бар. «Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде қазіргі таңда 11 мыңнан астам қолайсыз отбасылар тіркелген. Осы отбасыларда 17 мыңнан астам балалар тәрбиеленуде»,-деді ол.

Дереккөз: “ҚазАқпарат”

Сурет: depzdrav.gov.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Париждегі қазақ құрылтайы

Оған Еуропаның 10 елі мен АҚШ, Түркиядан да өкілдер қатыспақшы Кеше Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші

1 қыркүйек – білім күні

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде жаңа 2012-2013 оқу жылы басталды. Таңның атысымен құшақ-құшақ гүлдерін құша ұстап, мұнтаздай

Алдар Көсе туралы ертегілер

Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы