//

Ашхабад: Екінші күн

1078 рет қаралды
1

Ашхабадтағы конференцияның екінші күні аймақтағы ақпарат құралдары туралы баяндамалардан басталды. Алғашқылардың бірі болып сөз алған Қазақстан өкілі “Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа-орталығының” жетекшісі Диана Медведникова Қазақстандағы сөз бостандығының қажетті деңгейде емес екендігін сөз етті. Әуелі интернет ресурстардың барлығы БАҚ ретінде қабылданатындықтан, БАҚ-қа қатысты заңдардың барлығы интернеттегі жазбаға да қатысты екендігін айта отырып, газеттердің интернеттегі нұсқасы бүгінгі таңда тек газеттің көшірмесі ғана болып отырғанын жеткізді.

Егер Қырғызстан мен Тәжікстан Қылмыстық кодекстен жала жабу мен қорлауға қатысты бапты алып тастағанымен мақтанса, қазақстандықтар бұл жөнінде мақтана алмайды. Қазір Қазақстанда “Ақпаратқа қол жеткізу” туралы заң жобасы қаралуда. Жала жабу мен қорлауды ізгілендірдік. Алайда егер журналист тарапынан жала жабу немесе қорлау айқындалса, дәлелденсе ол қылмыстық жауапқа тартылмақ. Бұл бап бойынша, жауапты бес жылға дейін бас бостандығынан айрылу қарастырылған. Қазақстандық БАҚ өкілдері жала жабу мен қорлауға қатысты заңды тұлға шағымдана алмайтын дәрежеге қол жеткізді. Биылғы Freedom house агенттігінің рейтингісі бойынша Қазақстан 195 елдің ішінде 175 орынға табан тіреген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда әжептәуір ілгерілеушілікті байқатады.

Қырғызстанда интернет ресустар ешқандай БАҚ туралы заңға бағынбайды. Дегенмен сайттарды құрсаулау мұнда да жиі орын алып тұрады екен. Ауғанстанда төрт түрлі мазмұндағы сайтқа рұқсат берілмейді. Олар: порно сайттар, алкогольды насихаттау, онлайн ойындар және терроризмді үгіттеу. Ал Тәжікстан өзге Орта Азия мемлекеттерімен салыстырғанда, сөз бостандығына көбірек кепіл алған мемлекет ретінде мақтанса, Өзбекстан өкілі Өзбекстанның ұлттық электронды БАҚ қауымдастығының төрағасы Фирдавс Абдухаликов Ислам Каримовтің сөз бостандығын дамытуға қосып отырған адам айтса нанғысыз, үлесін сөз етіп мақтанды. Соның бастысы –  ақпарат құралдары шеттен әкелетін техникалық құралдарына салынатын кедендік баж салығынан және әртүрлі қорлардан түсетін дивиденттерге де салық салынбайды. Тек кіріс салығы алынады, ол 5 пайыз ғана.

Орта Азия мемлекеттері ішінен көбірек мақтанғаны – Түркімендер болды. Нақты статистиканы келтіруді жөн деп таппаған Түркімен өкілі Түркіменстан халықаралық ақпарат басқармасы мен Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі Сердар Дурдыев пен Түркмен Мәжілісінің депутаты Владимир Губанов биылғы оқу жылында біріші сынып оқушыларына жаңа ноутбуктар сыйлағанын айтып, интернеттің дамып келе жатқанын айтты. Алайда біз Түркіменстандағы ақпарат құралдарының жай -күйінен бәрібір хабардар бола алмадық. Әзірбайжан өкілі түркіменстандықтарға фейсбук пен ютюбтің неге құрсауланғаны туралы сауал қойды Сыртқы істер министрлігінің өкілі Сердар Дурдыев бұл оның құзырындағы мәселе емес екендігін айтып жалтарды. Ал Түркімен Мәжілісінің өкілі Владимир Губанов:

– Түркіменстанның өз таңдаған жолы бар. Сол жолда біздің көздеген мақсатымыз бар. Сол мақсаттың аясында осындай қадам жасалды. Егер интернет бізге қандай мазмұн беретіндігіне назар аудармай кез келген қоқыспен жас буынды таныстыратын болсақ, олардан қандай буын шығады. Біздің мақсатымыз жас буынды түркімен рухымен тәрбиелеу, – деді ол.

Конференцияға Армениядан келген жалғыз өкіл “Аравот” сайтының редакторы Анна Исраелян Арменияның заңнамалық актілерінде интернет сайттары туралы бірде бір әңгіменің жоқтығын айтады.

Есенгүл Кәпқызы. Ашхабад

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. біз Астана деп мәз болып жүрсек. мына түрікмендерің үнднмей жатып бәрді тындырып жүр екен ғой

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар