//

Атырауда “Мінбердің” кезекті семинары басталды

1310 рет қаралды
20

Шілденің 13-14-інде өтеді деп жоспарланған Атыраудағы семинар-тренингіміз басталды. Қазір семинарға қатысушылар “Интернет: қоғамдық сананың қалыптастырудың кепілі” атты дөңгелек үстел өтуде. Семинарға Ақтөбе және Атырау облыстарынан он журналист қатысуда. Шара Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік ұлттық университетінің “Интернет клубында” өтіп жатыр. Университет ректоры Б. Мамырайымов аудиторияны тегін ұсынды.

“Мінбердің” сайтында жарияланған сауалнаманың толтырып, қатысуға ниет білдірушілердің арасынан 20 журналист іріктеп алған едік. Алайда күннің жазғы мерзімге сәйкес келгендігінің салдары болар бүгін қатысушылар онға дейін төмендеді. Кейбір қатысушыларымыздың отбасына қайғылы жағдайлар орын алған, кейбіреулерін басшылары жібермеген деген секілді сылтаулар айтылды. Атыраулық журналистердің өзінен бес адам жазылған еді. Қазір Атыраудан 4 адам қатысуда.

Атыраулықтар атынан сөйлеген Саясат Қабдырахманов ауылдың өзіне дейін интернеттің жеткенін, алайда оны сауатты түрде пайдалана алмай отырғандығын айтады. “Жалпы интернетке деген бей-жайлық, халық арасындағы салғырттық өзге өңірлермен салыстырғанда, батыстықтардың бойында өте терең  байқалады. Ауылдағы қазақтардың дауысы шықпайды, оның екі себебі бар. Біріншісі, интернетке қол жетімділіктің қымбаттығы, екіншісі, ауылдағылардың ІТ сауаттылығының төмендігі. Интернетке қолы жететіндер оны фильм көруге, хат жазуға пайдаланады” дейді ол.

“Мінбер-ақпарат”.

Парақшамызға жазылыңыз

20 Comments

  1. “Minber” журналистерді қолдау орталығының семинар-тренингене қатысқаныма қуаныштымын. Алған әсер керемет. Болашақта осы іспен айналысатын боламыз.

  2. Үйренсем деген нәрселерімнің бәрін үйреніп жатырмын. Мың алғыс дейміз. Айтпақшы Ақтөбеліктермен танысқаныма қуаныштымын. 🙂

      • Саламатсыз ба, Гүлфайрус! Біз ешкімді шақырмаймыз, Сіздерге тіркелуге төрт ай уақыт бердік. “Мінбер” сайтына еніп тіркелуіңізге болатын еді.

  3. Иә, семинар өз дәрежесінде өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар мен барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.

  4. Блог жүргізудің тетігін жетік меңгеруге мүмкіндік берілді, рахмет айтамыз!!! Біз де танысқанымызға қуаныштымыз, атыраулық блогерлер!!!

  5. Семинар өте қызықты өтуде. Көп нарсені уйреніп қалдым.

  6. “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен семинар тренинг менің көңілімнен шықты. Алдағы уақытта осындай семинарларды жие-жие өткізсе деймін.

  7. Қатысушылардың саны аз болғанымен барлығы да алған ілім-білімдерін пайдалы жаратады деп сенеміз. Батыстың он жүйрігіне сәттілік тілей отырып, семинар-тренингтің алдағы жылы да өз жалғасын табуына тілекшіміз! Есенгул, Бақытгүл апайлар мен Талғатқа респект!

  8. Бәрі керемет. Заманның зеректі жастарына өте қажет деп ойлаймын. кез-келген қазақстандықтар “Мінберді” үйренсе.. Жалпы айтар болсам “Мінбердің” мәртебесі арта берсін!

  9. Әттең! түстен кейін жұмыс болмағанда ғооооооооооооооооой…

  10. Бір батысқа он жүйрік жетеді. Сансыз мыңнан сапалы біреу артық. Істеріңе сәттілік тілеймін.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі