////

18 долларға Twitter-ден фолловер сатып ала аласыз

860 рет қаралды
1

Twitter-дегі шағын блог сервисінде мыңдаған жалған фолловер сатып алу үшін орташа есеппен 18 доллар қажет екен. Бұны Barracuda Labs компаниясының сарапшылары анықтаған, деп жазады Kapital.kz сайты. 

Зерттеу 2012 жылдың мамырынан бастап жүргізілген. Жалған тіркелушілерді сататын адамдар мен сатып алушылардың әдіс-тәсілдері зерттелді. Зерттеу барысында мамандар үш Twitter-аккаунт ашып, әрбір аккаунт үшін 20 мыңнан 70 мыңға дейін тіркелуші сатып алған.

Зерттеу қорытындысына сүйенсек, «twitter фолловер сатып алу» сұранысын жазып, Google-де іздеу салғанда мамандар 20 сатушы мен осындай қызмет көрсететін 58 сайтты анықтаған. Ал жекелеген сатушылар 150 мыңнан астам жалған аккаунтты бақылап отыра алады екен. Базасында 20 мың жалған аккаунт бар сатушылар бір аккаунтты бірнеше рет сату арқылы күнінен 800 доллар пайда таба алады екен. Олардың басқа да табыс көзі бар көрінеді. Зерттеушілер көз жеткізгендей, осындай сатушылар хабарлама жазып отыру үшін де ақша алады.

Зерттеушілер 72 мыңнан астам жалған аккаунт анықтаса, оның 61 пайызы 2012 жылғы сәуір айының ортасынан бері ашылған. Жалған аккаунттардың орташа «жасы» шамамен бес ай, ал ең «кәрісі» 2007 жылдың 15 қаңтарында ашылыпты.

Мамандар зерттеу кезінде жалған тіркелуші сатып алған 11 мыңнан астам адамды тапқан. Жалған фоллеверлер сатып алған адамдар арасында танымал адамдар да бар. Мысалы, АҚШ президентіне кандидат Митта Ромнм маусымның бір күнінде ғана өз фолловерлер санын 17 пайызға (116,9 мың адамға) көбейтіп алған.

Дереккөз: bnews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі