//

Біріккен Араб әмірліктерінде Wikipedia-ның бәсекелесі пайда болмақ

896 рет қаралды
2

Қазіргі GITEX (Gulf Information Technology Exhibition), Дубайдағы компьютерлік технология мен тұрмыстық электроника бойынша жетекші халықаралық көрмесі кезінде арабтардың алғашқы электрондық энциклопедиясын ашуға қатысты ауқымды жобаның қолға алынғаны туралы ақпарат жария етілді, деп хабарлайды moheet.com ақпараттық порталы.

БАӘ жетекші коммуникациялық компаниясы TRA (Telecommunications Regulatory Authority) 14 мен 18 қазан аралығында Дубайда өткен GITEX-тің соңғы көрмесі кезінде арабтардың алғашқы электронды энциклопедиясын ашатынын жария еткен болатын. «БАӘ-ның электронды энциклопедиясы» атты TRA компаниясының энциклопедиясы білімнің барлық саласын қамтитын алғашқы араб энциклопедиясы ретінде танымал болмақ.

Бұған қоса, ауқымды жобаны ұйымдастырушылар әлемге әйгілі Wikipedia энциклопедиясына бәсекелесе алатын энциклопедияны құруды жоспарлап отыр. Энциклопедияға алдымен БАӘ тарихы мен мәдениеті туралы ақпарат кіргізіледі. Кейін Ислам жайлы, араб елдерінің мәдениеті мен тарихынан, жағрафиясынан, экономикасынан сыр шертетін 18-тармақ қосылмақ. Бұл энциклопедияның құрылымы әлемге әйгілі Wikipedia-ға ұқсас.

Дереккөз: muslim.kz

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. кез келген мемлекет әлемдік масштабтағы ауқымды электронды түрде энциклопедиялар аша бермейді,сонымен қатар бұл жинақ Ислам дінін дәріптейді екен…жалпы ақ пен қараны ажырата алмай қалған бұл заманда осындай туындыларға халық мұқтаж.

  2. әйгілі Wikipedia энциклопедиясына бәсекелес бола алса бұл қуанарлық жағдай екен. Бастаған соң, енді жұмысты аяғына дейің жеткізер. Асыға күтудеміз, іске сәт!!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі